Сейсенбі, 22 шiлде, 16:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту – маңызды міндет

22.07.2025

45 0

Халықтың тұрмыс сапасын жақсартубүгінгі күннің негізгі міндетіБұл мәселеде әлеуметтің әлеуетін көтеру, жастарды жұмыспен қамту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар және өзге де әлеуметтік бағдарламалар туралы қала әкімдігінің   баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева кеңінен баяндады.

Бөлім басшысының сөзіне сүйен­сек, қаламызда жыл басынан бері 4652 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде 1123 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал жұмыссыздар саны 6893-ке жетіп, жұмыссыздық деңгейі  4,6 пайызды құрап отыр.

– Жалпы, бөлім арқылы 16 мемле­кеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 13-і әлеуметтік төлемдер. Мәселен, бүгінде 2893 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ай сайын төленуде. Оның ішінде 1-6 жас ара­лы­ғындағы 2374 отбасының 4518 бала­сына қосымша төлем төленген. Ал орта білім беру ұйымдарында оқитын 6-18 жас аралығындағы балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз от­басылардың 4240 баласына жолда жүру ақысы берілді. Одан бөлек, 319 отбасыға тұрғын үй көмегі төленді, – деді бөлім басшысы.

Сондай-ақ бөлімге қарасты бөлімше­лер мен орталықтарда қызмет алушы­лардың қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту жөніндегі іс шараларды, жасына, жағдайына, олардың денсаулығына қарай, жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге бағдарланған арнау­лы әлеуметтік қызметтер 8 бағытта көрсетіледі. Атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеумет­тік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-эконо­микалық, әлеуметтік-құқықтық бағы­тында тегін көмек көрсетіліп келеді.

– Мәселен, жекелеген санаттағы азаматтар бойынша 1923 адамға әлеу­меттік көмек төленді.  Оның ішінде 186 жалғызбасты адамның көмегіне мұқтаж қартқа, 270 мүгедектігі бар балаға, 82 белгілі тұрғылықты жері жоқ адамға, күндізгі жартылай стационарлық жағ­дайда 276 ардагерге арнаулы әлеу­меттік қызмет көрсетіліп келеді. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ішінен 359 адамға құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді. Мү­гедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бағытында да арнайы компью­терлік орталық және «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының қызметтері ұйымдас­тырылуда, – дейді Кенжегүл Құрақбайқызы.

Жастарға жан-жақты қолдау көр­сету – мемлекетіміздің басты мінде­тінің бірі. Қаламызда да жастарға жаңа жұмыс орындарын ашудың тетіктерін ойластыру, қоғамдық негізде және жастар тәжірибесі бойынша қабылданған мамандардың тұрақты жұ­мыспен қамтылуына жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргі­зілуде. Жастардың кәсіпкерлік баста­маларына да қолдау көрсетіле бермек. Жұмыссыздық деңгейі азайғанда ғана халықтың әлеуетін көтеруге септігін тигізері анық.

Брифингте «Мансап орталығы» қалалық филиалы директорының уа­қытша міндетін атқарушысы Олжас Шамшадин қала бойынша халықтың жұмыспен қамтылу жайын атап өтті.  Олжас Шамшадиннің сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері 12743 адам жұмыс іздеуші ретінде орталық қызметіне жүгінген олардың 925-і тұрақты жұмыс­пен қамтылған, оның ішінде 413-і 16-35 жасқа дейінгі жастар.

– Биыл қалада Ұлттық жобалар және концепциялар аясында 88 жоба бойынша 712  жұмыс орнын ашу жос­парланған. Осы уақытқа дейін 28 жоба жүзеге асып 257 азамат жұмыспен қам­тылды. Оның  20-і – уақытша, 56-ы – тұрақты. Азаматтардың электронды еңбек шарттарының жүйеде тіркелуі мен зейнетақы жарналарының уақыты­лы аударылуы назарға алынған.    

Сонымен қатар осы жыл ішінде қоғамдық жұмысқа 2215 адамға жол­дама беру жоспарланса, бүгінге дейін  2715 адам жолдама алып,  45 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал әлеуметтік жұмыс орындарын ұйым­дастыру бойынша 89 адамға жолдама беріліп, оның 9-ы тұрақты жұмысқа орналасқан. Одан бөлек, «Күміс жас» жобасы аясында 376 адам жұмысқа жолданып, төртеуі жұмысқа орналасқан, – деді Олжас Шамшадин.

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту – қаламызда жүзеге асып жатқан маңызды міндеттің бірі. Мемлекет осы бағытты назарға алып, тиісті бағдарламалар ұсынды. Мәселен, жас­тар практикасын ұйымдастыру бойынша биыл 2099 адамға жолдама беру жоспарланса, осыған дейін 321 адамға жолдама берілді. Олардың төр­теуі тұрақты жұмысқа қабылданған. Алдағы уақытта бұл бағыттар бойын­ша жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіледі.

– Осал топтарға арналған мемле­кеттік грант беру бағыты аясында Business.enbek.kz порталында өтініш­тер қабылданып, жоспар бойынша 520 адамға грант беру жоспарланған. Business.enbek.kz порталында 2025 жыл­ғы 21 мамырдан бастап 1-лек бойын­ша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылып, нәтиже­сінде 233 адам мемлекеттік грант алды.  2-лек бойынша жаңа бизнес-идеялар­ды іске асыруға гранттар алуға өтінім­дер қа­былдау тамыз айында болжана­ды. Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1572800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады, – деді Олжас Шамшадин.

Сонымен қатар жыл басынан бері 7 рет «Бос жұмыс орындары» жәр­меңкесі өткізіліп, 155 жұмыс беруші мекемелерден 1049 бос жұмыс орын­дары ұсынылған. Олардың ішінде 244 адамға жолдама беріліп, 113 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: