Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Жауапкершілік жүгін арқалаған Жібек

07.03.2026

52 0

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса дереу дәрігерге жүгінетіміз  рас. Сондықтан да ақ халатты абзал жандардың адам өмірінде алар орны ерекше. Дәрігерлердің қай-қайсын алып қарасақ та жауапкершілік жүгін арқалап жүр. Мереке қарсаңында жауапты міндетті арқалап жүрген дәрігерлердің бірі Жібек Ілиясова жайлы жазғанды жөн көрдік. Білік­ті маман бүгінгі таңда қала­мыздағы №3 емханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып еңбек етеді.

Таңғы 8:00-ден бастап емханаға адам келе бастайды. Қарбаластың ортасында әр нау­қасты сабырлы қабылдап отыратын жалпы тәжірибелі дәрігерлер бар. Жібек Ілиясованың таңы да осындай үлкен жауапкершіліктен басталады.

– Ауруды ерте анықтау, алдын алу шараларын жүргізу және халыққа тиімді медициналық кеңес беру, жалпы қоғам денсаулығын нығайту тетігі. Күндік жоспары сол күнге жазылған пациенттердің қабылдау тізімінен басталады. Пациентерді қабылдау, созылмалы ауруы бар науқастарды бақылау, профилактикалық тексеру жүргіземін. Сонымен қатар үй жағдайында нәрестелерді патронаждық бақылау, «Д» есептегі науқастарға бақылау жүргіземіз. Қабылдаудан тыс уақытта жоспарлы емге жатқызуға, мүгедектікке жолдау тізімін жазамын. Ең бастысы ауруды асқындырмай ерте анықтау. Біз науқастың шағымын ғана емес, өмір салтын, психологиялық жағдайын да ескереміз. Өйткені адам денсаулығы – тұтас жүйе. Аурудың алдын алу үшін алғашқы қадам осылай жасалады. Кейде бір қарапайым көрінген шағымның артында үлкен дерт тұруы мүмкін. Осындай сәтте тәжірибе мен білім көп көмектеседі. Сондықтан үнемі үздіксіз білім алып медициналық жаңалықпен танысып, кәсіби семинарларға қатысамын, – дейді Жібек.

Күніне көптеген адам қабылдау оңай емес. Әрқайсы­сының мінезі, жағдайы, денсаулығы әртүрлі. Соған қара­мастан үнемі келген адамдарға жанашырлық танытып отырады. Отбасымен қатар осындай жауапкершілігі жоғары жұмысты қатар алып жүру үшін үлкен жүрек керек екені белгілі. Дәрігердің айтуынша, халық көбіне ауру асқынғанда келеді. Сондықтан профилактикалық тексерістен өтудің маңызды екенін айтады. Әңгіме барысында оның мамандыққа деген сүйіспеншілігі бала кезден басталғанын айтып өтті. 

– Бала кезімнен адамдарға көмектескім келетін. Өсе келе, дәрігер болу үлкен жауапкершілік екенін ұқтым. Әкемнің інісі дәрігер еді. Сол кісінің жолын қуып дәрігер болуды армандадым. Ақ халат – тазалықтың ғана емес, адалдықтың белгісі. Жалпы тәжірибелік дәрігердің күнделікті еңбегі – үнсіз ерлік. Әр пациент саған үміт артып келеді. Сол сенімді ақтау – басты міндет. Дәрігер үшін ең үлкен марапат емделушінің алғысы. Еңбек жолымда кездескен қиындыққа сабыр сақтап, науқастың денсаулығын бірінші орынға қоямын. Әр қиындық кәсіби өсумен шыдамдылық арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Жібек Ілиясова.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: