Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жауапкершілікті күшейту керек

18.05.2024

306 0

Қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, онда өзекті екі мәселе талқыланды.

Қазір қалада 150 көпқабатты иесіз үй бар, яғни олар кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тиісті пәтер иелері кооперативінің қарауына тіркелмеген. Осы мәселенің құқықтық тәртібі зерттеліп, алдағы уақытта тұрғын үйлердің тиісті құжаттары рәсімделіп, конкурс арқылы кондоминиум нысанын басқарушы органы тағайындалатын болады.
Ал жаппай кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту бойынша біршама ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, қалада кәсіпкерлер саны 33 296 -ға жетіп, оның 93,7 пайызы тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұл секторда 66 450 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінде 527,4 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Сол секілді бөлшек сауданың нақты көлем индексі 102,4%, көтерме сауда 104 пайызға өсіп отыр.
2024 жылға инвестиция тартуға қойылған меже 24,8% орындалды. Жалпы инвестиция тартуға қойылған меженің орындалуы, аймақтағы мұнай компаниялары, жеке ресурстар, мемлекеттік бюджет және жылжымайтын мүлікпен операциялар есебінен қамтамасыз ету көзделуде. Бұдан бөлек, инвестиция көлемі сауда базарларын жаңғырту жұмыстары аясында қарастырылуда.
Қала аумағындағы 3 әмбебап базары «Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі» жол картасына енгізілген. Осы жұмыстар аясында 2025 жылға дейін 7 млрд теңге, оның ішінде 3 млрд теңгесі биылға көзделген. Сонымен қатар тұрақты бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру шаралары өз жалғасын таппақ. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 612,8 млн теңгені құрайтын 56 жобаны несиелендіру жоспарлануда. «Жастарға арналған несие» бағдарламасы шеңберінде 875 млн теңгеге 175 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр. Сондай-ақ «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік нысаны қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау» бағдарламасы аясында 600 жобаның несиелеріне субсидиялау және кепілдендіру құралдарымен қолдау көрсету көзделуде.
Шаһар басшысы инвестиция тарту бойынша кент, ауылдық округтердегі бүгінгі жағдайды біліп, жұмыс жүргізудің жүйесін нақтылап, жауапкершілікті күшейту керектігін айтты. Сонымен қатар жауапты бөлімдерге санитарлық тазалықты жүйелі ұйымдастыруды, келер жылы аталып өтілетін Жеңістің 80 жылдығына орай тыңғылықты дайындық жасауды, «Тағзым» алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
– Мәжілісте көтерілген екі мәселе назардан тыс қалмайды. Әр салаға тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау керек, – деп атап өтті қала басшысы.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: