Өнер додасы мәресіне жетті. Ақмешіттің аспанын ән мен жырға бөлеген облыстық өнер байқауының қорытынды кешіне облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов және қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров қатысты.
Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толуы және биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған байқауға 6 ауданның мәдениет ошақтары және Қызылорда қаласынан Қызылжарма ауылдық мәдениет үйі қатысты. Аймақтағы мәдениет нысандарының әріптестік байланысын нығайту және ел арасында танылмай жүрген таланттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқауда Қармақшы және Сырдария аудандары І орынның биігін бағындырды. Жалағаш, Шиелі аудандары ІІ орынды еншілесе, үздік үштікті Қызылжарма ауылдық мәдениет үйі, Жаңақорған және Қазалы аудандары түйіндеді.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жекелеген өнерпаздар арнайы номинациялармен марапатталды.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!