Сейсенбі, 14 қазан, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

14.10.2025

54 0

Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қаламыздағы жолдарға жөндеу жұмыстары қажет екені және шет аймақтарға көңіл болу керектігі жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Сондықтан да қазіргі уақытта жергілікті билік осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат етіп отыр. Биыл қалада жол салу, жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны сөзімізге дәлел.

«Жолдың жайын жүрген білер» демекші, қаламызда жөндеуді қажет ететін жолдар бар екені рас. Атап айтар болсақ, облыс орталығында жол қатынасына байланысты мәселелер шешімін тауып, жыл өткен сайын жақсарып келеді. Қаламыздағы тақтайдай тегіс көшелер қала көркіне көрік қосары сөзсіз. Сол арқылы көлік қатынасы реттеліп, тұрғындардың өмір сүру сапасы артады. Халықтың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін қалаға кіреберіс жолдар мен шет аумақтарға мән берілуде.

Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары М.Шоқай көшесінде жалғасуда. Арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барасында жұмыс басына барып, өз көзімізбен көріп қайттық. А.Айдосов көшесінен С.Бейбарыс даңғылына дейінгі көшенің бөлігіндегі жөндеуді мердігер мекеме «Қыран» ЖШС жүргізуде.

 – Жоба бойынша екі шақырымды құрайтын бұл жол төрт жолақтыға кеңейтіледі және жаяу жүргіншілер жолы салынады. Жарық бағаналары орнатылады. Біз жергілікті асфальт-бетон өнімдерін пайдалана отырып, жол сапасын сақтауға барынша мән берудеміз. Жөндеу жұмыстары сапа стандарттарына сәйкес келеді, – дейді учаске басшысы Марат Серкешбаев.

Сонымен қатар бүгінде шеткі аймақтардағы түйіткілдердің түйіні біртіндеп шешіле бастаған сыңайлы. Бұл аудандарда жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе. Тұрғындар көшеге асфальт жолдың салынуын неше жылдан бері күтіп жүр. Дегенмен, шағын аудандардағы жол мәселесі толық бітпегенімен әлдеқайда жақсарып қалған. Рет-ретімен сұранысқа сай күрделі жөндеуден өтіп, қажет дегендерге асфальт салынуда. Осылайша көпшіліктің өтінішіне сәйкес жұмыстар уақытылы атқарылуда. Мәселен, қазіргі уақытта КБИ шағын ауданындағы Ш. Қалдаяқов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары басталған.

Айта кетейік, қала әкімі жол құрылысына қойылатын басты талап сапа екенін үнемі айтып келеді. Яғни, әрбір істің жауапкершілікпен аяқталғаны маңызды. Сондай-ақ, ең бірінші сапаға мән беру маңызды. Жол сапасын жақсарту жұмыстары назардан тыс қалмақ емес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: