Сейсенбі, 14 қазан, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Жол – іргелі істердің бастамасы

14.10.2025

106 0

Қызылорда қаласындағы оңтайлы өзгерістер соңғы жылдары алға басуда. Шаһардың шырайы келісіп, көркіне көрік қосты. Жаңа нысандар салынып, әлеуметтің әлеуеті артып келеді. Құрылысы қарқынды қаланың көркейіп, көшелері кеңейіп жатқанын айтпау мүмкін емес. Қаланың тыныс-тіршілігі мен дамуы әрбір тұрғынға қуаныш сыйлары хақ. Бүгінде жолдар жөнделіп, көшелер кеңейіп, шаһар келбеті өзгеше кейіпке енді.

Қала күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылының екінші кезеңі аяқталып, Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңадан салынған автомобиль жолының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықты жаңа жолдың ашылуымен құттықтады.

– Қызылорда – мегаполис болмағанымен, қарқынды қалалық инфрақұрылым мен өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадам жасаған қала. Халық саны жыл сайын өсуде, аймақ тұрғындарының шамамен 50%-ға жуығы облыс орталығында тұрады. Біз жұртшылықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған, қауіпсіз, таза, қолжетімді әрі зияткер қала құру бағытында нақты қадамдар жасадық. Облыс орталығының негізгі көшелері  – Шиелі ауданынан кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистральді көшелері төрт жолақты болып кеңейтілді.

Бүгін, міне, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, ел игілігіне табысталуда. Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалынан бастап Гагарин көпіріне дейінгі 27,3 шақырым жол төрт жолақты болып салынды. Жол бойындағы Сыздық, Жаңадария, Шіркейлі каналдары үстіндегі 3 көпір қайта жаңғыртудан өтіп, төрт жолақты болып кеңейтілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 23 млрд 962 млн теңге бөлінді. Жолдарды дамыту қалада өмір сүруді әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп, көліктердің кедергісіз қозғалысына оң септігін тигізеді. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қызылордалықтардың атынан шынайы алғысымды білдіремін. Әрдайым бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болсын! Жаңа жол берекенің бастауына айналсын! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!, – деді аймақ басшысы.

Рәсімде жаңа жолды сапалы етіп салуға үлес қосқан мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Тәуелсіздік даңғылының ашылу рәсімінде авто және велошеру ұйымдастырылды. Шеруде кейінгі жылдары заманауи техникамен қамтамасыз етілген салалардың көліктері көрсетілді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: