«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, өткен жылы атқарылған жұмыс барысын баяндады.
Партияның алдында тұрған ең бірінші міндет – 2023-2027 жылдарға жоспарланған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру.
Партия төрағасының айтуынша, барлық өңірде бағдарламаны нақты жүзеге асырудың арнайы «Жол картасы» әзірленген және шараға нақты қаржы да қаралған. Өткен жылы «Жол картасы» бойынша 115 іс-шараның 109-ы орындалған, ал 5-і орындалуда, ал 1-і жүзеге аспапты. Ол – «Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту» жобасының мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысына шағым келтіріліп, мердігер компаниялардың арасында дау туып, бөлінген қаржының игерілмеуіне байланысты ұзаққа созылған екен.
– «Байқоңыр қаласын жалға бергенмен, халқын жалға берген жоқпыз. Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мәселесінде су құбырларын қайта жаңғырту жылдар бойы өзекті мәселе болып келе жатыр. Бұл жобаны қайта бастауға 500 млн теңге бөлінді», – деді «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы.
Жол картасын іске асыру барысында биліктің партия алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында «Партиялық бақылау» комиссиясы өз жұмысын жаңа бағытта жүргізіп келеді.
Сондай-ақ партия халықпен тығыз байланыс жасау үшін қоғамдық қабылдау бөлмесінің есігі әрдайым ашық екені де айтылды.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында өткен жылы 134 қабылдауда 367 мәселе қаралған болса, ал «Жер аманаты» жобасы бойынша Президенттің тапсырмасына сәйкес аймақта 2022 жылдан бастап мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару, оны айналымға қосу жұмыстары жүзеге асып жатқаны да айтылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 647 жоба әзірленіп, 3 млрд теңгеге 406 жоба қаржыландырылған. Несие алған 33 кооператив және 373 жеке кәсіпкер өз істерін дөңгелетіп отыр.
Партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру курсы Қызылорда қаласы мен 4 ауданда бастау алып, облыс бойынша 8000 адамды оқыту жоспарланса, бүгінде Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарынан бүгінгі күнге дейін 250 адам оқудан өткен.
Марина САҒИДАТБЕК
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!