Жұма, 27 желтоқсан, 17:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жол сапасы –
бірінші орында

22.10.2024

404 0

Ақмешіттің ауқымы кеңейіп, жаңа көшелер бой түзеуде. Бұрындары қысыр жылан қысылып өтетін тар жолдардың өзі кеңейіп, көлік кептелісін болдырмауға бағытталған жұмыс та қыруар. Осы күнгі жөндеу көріп жатқан көшелердің барлығы да талапқа сай болу керек. Жұмыс барысын көзбен көрген облыс,
қала әкімдері жұмыстың талапқа сай болу керегін қадап айтты.
Облыс орталығына кіргеннен бастап көзге түсетін ең бірінші жұмыс – Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайтылуы. Сол арқылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесін реконструкциялау жұмысы да жүргізілуде. Мердігер мекеме – «УАД» ЖШС, техникалық қадағалаушысы «ЗКА Проект», авторлық қадағалаушысы – «КБ МұнайГаз Инжиниринг» серіктестіктері жасап жатқан жолдың ұзындығы 6,71 шақырым болса, ені 14 метрге жетеді.
Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының «Қызылорда-Жезқазған» 2-12 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары да халықтың көптен күткен еді. Қазіргі уақытта Бейбарыс сұлтан көшесі мен Жаппасбай батыр көшесінің қиылысындағы жол айрығынан бастап «Бәйтерек» ықшам ауданына өтетін көпірге дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары басталған. Құны 2,4 млрд теңге тұратын бұл жоба бойынша жол салу құрылысында жаңа технологияларды пайдалану қарастырылған.
Облыс әкімі басты талап жолдың сапалы салынуы, құрылыстың уақытылы аяқталуы екенін айтты. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі керек.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: