Бейсенбі, 17 сәуiр, 00:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Жол жөндеу ісі қарқынды

08.04.2025

867 0

Қала аумағындағы бірқатар көшелерде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. «Қызылорда жолдары» серіктестігімен келісім-шарт жасалып, нәтижесінде 16 көшеге асфальт төселмек. Бүгінде алғашқы жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

Осы күні Ақбастау-1, Ақбастау-2, Күдері­қожа Көшекұлы, Серімбетов және Арай-шағын аудандарында қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар үшін бұл – көптен күткен қуанышты жаңалық. Бұрын бұл көшелерде көлік жүрісі қиындап, әсіресе жауын-шашынды күндері қатты қиналатын.

– Бұл жер белуардан батпақ еді. Жаңбыр жауса, лайға айналып кететін. Қазір жағдай біршама жақсарды. «Қызылорда жолдары» меке­­месіне де, облыс, қала әкімдеріне де алғы­сымыз шексіз. Бұрын бұл көшеге көлік те келмейтін, қазір келіп жатыр. Енді бір аптадан кейін асфальт төселеді деп естіп отырмыз, – дейді Ақбастау-1 көшесінің тұрғыны Шерхан Қуанышов.

Осы жерге қоныстанғанына 6 жыл болған Шерхан сол уақыттан бері батпақпен алысып келеді. Мұндай жағдай Роза Сәдібекованың да басынан өтуде. Ол жол мәселесі көп жылдан бері титықтатқанын айтады.

– Көшемізге жол салынып, қуанып жатыр­мыз. Біраз қиналдық, жолымыз өте нашар еді. Осы істі қолға алған басшыларға да алғысымыз шексіз. Ең бастысы сапалы болсын, ұзақ жыл­дар­ға жарасын, – деді ол ризашылығын білдіріп.

Қала әкімдігі тарапынан бұл жұмыстардың сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, тұрғындардың жай­лылығы мен қауіпсіздігі үшін қосымша абат­тандыру шаралары да қолға алынбақ.

Камилла САҒЫНДЫҚ

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің

3-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: