Сенбі, 24 мамыр, 18:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

Жолдың жайы сараланды

24.05.2025

52 0

Бүгінде қала аумағында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Қалалық қоғамдық даму бөлімі жол жөндеу жұмысына қатысты пресс тур ұйымдастырды.

Алдымен  БАҚ  өкілдері Саяхат шағын ауданындағы  И. Сейітов көшесі мен  М.Шоқай көшесінен Қашқынбаев көшесіне дейінгі  күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Учаске бастығы Нұржан Бектібаев­тың айтуынша, жолдың  ұзынды­ғы – 700 метр. Жөндеу жұмысына қомақты қаржы жұмсалған. Маусым айында асфальт төселіп, пайдалануға берілмек.  Жоба бойынша мердігер мекеме – «РиА Сервис» ЖШС.

Мұнан соң қаладағы ауқымды жобалардың бірі – Әбілхайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі аралықта Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін бекіту жұмысын көрдік. Жол­дың ұзындығы 2,9 шақырымды құ­райды.  Бұл жерде  4 жолақты жаңа жол салынып, бөгетті нығайту жұ­мыстары да қатар жүргізілуде.

– Құрылыс сәуір айынан бас­талды.  Шілде айында тұрғындардың игілігіне берілмек. Барлық өнім Жана­қорғаннан әкелінеді.  Дарияның жағасы болғандықтан жолдың сапасы берік болуына баса назар аударылуда. Қазіргі таңда 25 техника жұмыс істеп тұр. 100 техника тасымалдануда. 25 адам жол жөндеу  жұмысына, 30 адам дарияның бөгетін нығайту ісіне бекітілген. Біздің мекеме сал­ған жол сапалы болады деген сенімдеміз. Жолдың сапасын барынша жақсартамыз, – деді «Автомобиль жол басқармасы» мекемесінің бөлім басшысы Нұрлан Парманқұлов.                                                                                

Ақжүніс БАУЫРЖАНҚЫЗЫ ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: