Сәрсенбі, 07 қаңтар, 15:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Жұлдыздар не дейді?

06.01.2026

123 0

Шығыс күнтізбесі бойынша 2026 жыл – Қызыл Отты Жылқы жылы. Бұл жыл көптеген оң өзгеріске толы, себебі Жылқы тоқырауды ұнатпайды әрі әрдайым алға ұмтылады. Астрологтар 2026 жылы материалдық пайданы бірінші орынға қоймай, рухани дамуға мән беріп, айналасына қамқорлық танытқан жандарға жұлдыздар айрықша қолдау көрсететінін атап өтеді.

Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)

2026 жыл тоқты белгісіндегілер үшін табыс пен жаңа бастамаларға толы болмақ. Жұлдыздар мансап пен қаржы саласында сізге қолдау көрсетеді. Жыл бойы қызметте өсу, қаржылық жағдайыңыз да жақсара түседі. Юпитердің оң әсері жоспарларыңызға «қанат бітіреді», сондықтан әр қадам сайын жаңа жетістіктерге жете аласыз. Жеке өмірде тоқтыларды қуанышты жаңалықтар күтіп тұр. Отбасында бақыт пен үйлесім орнайды. Жалғыз жүрген тоқты белгісіндегілер өзіне лайықты жанды жолықтырса, ал отбасылы тоқтылар жақындарымен қарым-қатынасын одан әрі нығайта түседі. Денсаулық жағынан да жыл қолайлы өтпек, қуатыңыз мол, өзіңізді сергек сезінесіз. Спортпен айналысу немесе денсаулыққа пайдалы жаңа әдеттерді бастау үшін таптырмас кезең. 2026 жылы тоқты белгісіндегілерге қызғылт сары, алтын түстес және қою қызыл түстер ерекше сәттілік әкеледі, сондықтан осы түстерді киім үлгісінде қолдану энергияңызды арт­тырып, жолыңызды аша түседі.

Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)

Торпақтар үшін бұл жыл тұрақтылық пен алға жылжу кезеңі болмақ. Өткен жылдағы күмәндардан кейін бұл жылы ішкі тепе-теңдігін қайта тауып, өздеріне сенімді бола бастайды. Мансап пен қаржы саласында баяу болса да өсу байқалады. Сатурн тұрақ­тылықты қалыптастыруға жәрдемдессе, Юпитер кәсіби және материалдық тұрғыда жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Торпақтар болашаққа мықты негіз қалап, өз мақ­саттарына нық қадамдармен жақындай түседі. Жеке өмірінде де жағымды жаңа­лық болады. Отбасы мен достары арасындағы қарым-қатынас үйле­сімділік пен түсіністікке толы болмақ. Бұрын түсінбеушіліктер болса, биыл тор­пақтардың бай­салды мінезінің арқасында бәрі шешімін тауып, жақындарымен бай­ланысы нығая түседі. Денсаулық тұрғысынан торпақтар жыл бойы өзін жақсы сезінеді, күш-қуаты артады. Дене шынықтыруды әдетке айналдырып, күн тәртібін сақтаса, денсаулық тұрақты да, мықты бола береді. 2026 жылы торпақ белгісіне қызғылт, жасыл және ақ түстер ерекше қолайлы.

Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)

2026 жыл егіздер үшін шабытқа толы жыл болмақ. Юпитер планетасының әсерінен олардың көкжиегі кеңейіп, білім мен жаңа дағдыларды игеруге құлшынысы артады. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, егіздер мансапта батыл қадам жасап, өз өміріне тың бағыт бере алады. Әрине, шешім қабылдауда қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ мұндай күмән уақытша ғана. Ішкі түйсігіңізге сеніп, өз қабілетіңізге илансаңыз, жылдың соңында қол жеткізген жетістіктеріңізбен өзіңізді де таңқалдырасыз. Жеке өмірде көптеген жаңа таныстық орнатып, әлеуметтік ортасын кеңейтеді. Достық қарым-қатынастар нығайып, күтпеген жерден романтикалық байланыс басталуы мүмкін. Отбасылы егіздер жұбайымен қарым-қатынасын бұрынғыдан да берік етеді. Денсаулық тұрғысынан егіздер өзін жігерлі сезінеді, тек артық ойдан шаршауға жол бермеңіз. Демалыс пен белсенділікті тең ұстасаңыз, денсаулығыңыз мықты болады. 2026 жылы егіздерге ашық жасыл және сары түстер сәттілік әкеледі.

Шаян (21 маусым – 22 шілде)

2026 жыл шаяндар үшін тыныш жыл болмақ. Юпитердің әсері мансапта өрлеуге, отбасында үйлесімге ықпал етеді, нәтижесінде шаяндар өзін бұрынғыдан да сенімді сезінеді. Жыл басы тыныш басталғанмен, маңызды өзгерістер күтіп тұр. Шаяндар қажетсіз байланыстарды үзеді. Отбасында түсінбеушіліктер болуы мүмкін, бірақ сезімтал шаян өзінің мейірімділігі мен шыдамдылығының арқасында бәрін реттей алады. Айналасындағылардан қажетті жылулық пен қолдау тауып, бұл белгі өкілдері жақындарымен қарым-қатынасын одан әрі берік етеді. Жалғыз басты шаяндар 2026 жылы өздерін түсінетін жақын адамды жолықтыруы мүмкін, ал отбасылы шаяндар өзара түсіністік пен сүйіспеншіліктің нығая түскенін байқайды. Денсаулық тұрғысынан шаяндар үшін жыл жаман емес. Бастысы, шаршағанда демалып алуды ұмытпау. Дұрыс тамақтанып, жүйкені тыныштандыратын тәсілдерді (мысалы, медитация немесе шығармашылықпен айналысу) қолданса, денсаулығы жақсы болады. 2026 жылы шаян белгісіне ашық сары және күміс түстер қолайлы.

Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)

2026 жыл арыстандар үшін жарқын өзгерістер мен ілгерілеулер кезеңі. Бұл жылы арыстандар өз таланттарын жарқырата көрсетіп, мансап жолында айтарлықтай жетістіктерге жетуі мүмкін. Юпитер планетасының шарапаты олардың еңбегін жұртшылыққа танытып, лайықты марапатқа ие болуына ықпал етеді. Қаржылық тұрғыда жылдың басында біраз баяулық сезілуі мүмкін, алайда көктемде мол олжаға кенелуі мүмкін. Сабырлық сақтап, қаражатын дұрыс жоспарлаған арыстандар жыл соңына қарай тұрақты табыс пен молшылыққа қол жеткізеді. Жалпы, 2026 жылы еңбекқор арыстанның табандылығы ақталып, сенімділігі бұрынғыдан да артады. Жеке өмірде Венераның оң әсері сезіледі. Арыстандар махаббатта жарқырай түседі. Жалғыз жүрген арыстандар көңілінен шығатын жанды жолықтырып, романтикаға толы хикаяны бастан кешуі ғажап емес. Отбасылы арыстандар сүйіктісімен қарым-қатынасы берік бола түседі. Денсаулық жағынан арыстандардың күш-қуаты тасып тұр, дегенмен Сатурн әсері денсаулыққа ұқыпты болуды ескертеді. Жұмыс пен демалысты тең ұстау қажет. 2026 жылы арыстан белгісіне қызыл, алтын және сары түстер ерекше сәттілік әкеледі.

Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)

2026 жыл бикештер үшін жоспар, мақсатын саналы түрде қайта қарау кезеңі болмақ. Сатурн әсерімен бұл белгі өкілдері жұмыста да, жеке өмірінде де тәртіпке көп көңіл бөледі, ұзақ мерзімді мақсаттарын нақтылайды. Өмірлік құндылықтарын іштей саралап, маңыздысын қайта бағамдауы мүмкін. Дегенмен Юпитердің қолдауы арқасында бикештер таңдаған бағытының дұрыс екеніне көз жеткізіп, сенімді қадам басады. Бұл жыл маңызды шешімдер қабылдап, өмірге жаңаша көзқараспен қарауға үйретеді. Нәтижесінде тұрақтылық пен ішкі еркіндік үйлесім табады. Мансапта бикештердің еңбексүйгіштігі мен ұқыптылығы олардың беделін көтеріп, жетістіктерге жеткізеді. Қаржылық жағдайы да ақылмен жоспарлау арқылы нығая түседі. Бикештер шынайылық пен сенімге ерекше мән береді – сол арқылы жақындарымен байланысы бекем, өзіне қолдау болатын адал жандарды қасына тартады. Жалғыз жүрген бикештер теңін табуы мүмкін. 2026 жылы бикештердің жағдайы жаман емес, тек артық уайым мен күйзелістен аулақ болу керек. Режимді сақтау мен дұрыс тамақтану күш-қуат пен тұрақты иммунитет қалыптастырады. 2026 жылы Бикеш белгісіне ақ түстер үйлесімділік әкеледі.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

2026 жыл таразылар үшін белсенді іс-қимыл мен жарқын жетістіктер жылы болмақ. Бұрын жайлылық аймағында қалып келген таразылар енді өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, алға батыл қадам жасай бастайды. Сатурн осы жылы таразыларға өмірлік ұстанымдарын айқындап, жеке шекараларын белгілеуге көмектеседі, ал Юпитер кәсіби және әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтеді. Нәтижесінде қызметте өрлеу, жаңа жобалар сәтті жүзеге асып, абыройы артады. Қаржылық тұрғыда да теңгерімді өсім байқалады. Таразылар бұрыннан жоспарлаған мақсатына қол жеткізіп, материалдық жағдайын жақ­сартады. Жеке өмірде де үйлесімділік орнайды. Венераның ықпалымен таразылар махаббатта тепе-теңдік пен өзара құрметке негізделген берік байланыс құрады. Жалғыз жүрген таразылар жан дүниесін түсінетін серігін жолықтыруы ғажап емес, ал отбасылы таразылар жұбайымен арадағы махаббатының тереңдей түскенін сезінеді. Қоғамдық ортада таразылардың коммуникация қабілеті жарқырай түседі, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынасы жаңа деңгейге шығып, сыйластық пен түсіністік нығаяды. Денсаулық тұрғысынан, 2026 жылы таразы белгісі өзін жақсы сезінуі үшін дене белсенділігі мен тынығуды ұмытпай, ішкі үйлесімін сақтағаны жөн. Күйзелістен аулақ болып, пайдалы әдеттерді дамыту арқылы жыл бойы сергектік пен күш-қуатты сақтай алады. 2026 жылы таразыларға шабдалы түсті, күлгін және нәзік қызғылт түстер ерекше қолайлы.

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)

2026 жыл сарышаяндар үшін өсу кезеңі болмақ. Бұл белгінің өкілдері ескірген күйзеліс пен өзектілігін жоғалтқан қарым-қатынастарды үзіп, өзін жаңа қыры­нан таниды. Сатурнның ықпалымен сарышаяндар өмі­рінде тәртіп пен жауапкершілікті арттырып, рухани жағынан өседі, ал Юпитер бұрынғы қиындықтардан кейін тұрақтылық пен сенімділік әкеледі. Нәтижесінде осы жылы табанды еңбегі баяу болса да жемісін беріп, сарышаяндар өз жетістіктерін айқын сезінеді. Жеке өмірде де маңызды өзгерістер болады. Кейбір сарышаяндар өзектілігін жоғалтқан қатынастарды аяқтап, жан дүниесіне жақын жандарға орын босатады. Бұл қиын болғанмен, ақырында сарышаян шынайы сезім мен адалдыққа негізделген жаңа қарым-қатынас қалыптастырады. Жыл бойы сезімдерінің ауқымы терең болуы ықтимал, бірақ әрбір эмоционалдық тәжірибе сарышаянға өзін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Жалғыз жүрген сарышаяндар 2026 жылы өзіне нағыз жарасатын адамды кездестіруі мүмкін, ал отбасылы сарышаяндар жарымен қарым-қатынасында жаңаша түсіністік пен жан жылуын ашады. Денсаулық тұрғысынан, сарышаяндар осы жылы бойындағы күш-қуатты шығармашылыққа немесе спортқа бағыттап, жүйкесін тыныштандырса, өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Зиянды әдеттерден арылып, өзін күтуге мән берген жөн, сонда денсаулығы нығая түседі. 2026 жылы сарышаян белгісіне ашық әрі жеңіл түстер қолайлы.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Мергендер үшін қозғалыс пен мүмкіндіктер жылы болмақ. Өзінің басқарушы планетасы Юпитердің қолдауымен мергендер мансапта, білім алуда және жеке даму жолында өрлеу күтіп тұр. Бұл жыл мергенге шетелге саяхаттау немесе кәсіби өсу тұрғысынан бақытты оқиғалар сыйлауы ықтимал. Кенеттен болатын өзгерістер де орын алуы мүмкін, бірақ олар мергеннің өмірін қызықты оқиғаларға толтырып, соңында игілігін әкеледі. Жыл барысында қаржы мәселелерінде ақылмен жоспар құру қажет. Күтпеген шығындар туындаса да, алдын ала жинақтау және қаражатты дұрыс бөлу арқылы қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Жалпы алғанда, бұл кезеңде сәттілік мерген жағында, тек мүмкіндіктерді пайдаланып, белсенді болу қажет. Жеке өмірде де мергендерді қуанышты сәттер күтіп тұр. Ашық мінезді мергендер көпшілік ортасында жарқырай көрініп, жаңа адамдармен тез тіл табысады. Сол арқылы бойдақ мергендердің сүйіктісін жолықтыруы мүмкін. Отбасылы мергендер сүйіктісімен өзара түсіністік пен қолдауға негізделген байланысын одан әрі бекемдеп, бірге жаңа мақсатына жетеді. Мергендердің энергиясы тасып тұрады, тек бар күшін бірден жұмсамай, демалысқа да уақыт бөлген жөн. Спортпен шұғылдану және белсенді өмір салтын сақтау денсаулығын нығайтады. 2026 жылы мерген белгісіне сары, қыша түсті және алтын түстер өте қолайлы.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)

2026 жыл тауешкілер үшін тұрақ­ты дамуға арналған жыл болмақ. Жауап­кершілік пен тәртіптің символы Сатурн және өсіп-өркендеудің планетасы Юпитер тауешкілерге мансапта тамаша мүмкін­діктер сыйлайды. Көптеген тауешкі кәсіби өрлеуге қол жеткізіп, басшылық қызмет ұсынысы немесе ірі жобаларды басқаруы ықтимал. Бұған дейін еңбегінің нәтижесі осы жылы айқын көрініс тауып, жұмыста беделі артады. Қаржы саласында жылдың басында кейбір қиындық туындауы мүмкін, бірақ қаражатты мұқият жоспарлап, шығындарды қатаң бақылауда ұстаса, жыл соңына қарай материалдық жағдайы айтарлықтай нығаяды. Тәртіп пен сабырлылық арқасында тауешкілер үшін 2026 жылы мол табыс пен тұрақтылық жылы. Жеке өмірде тауешкілер үшін жайлы әрі берік қарым-қатынас жылы. Отбасылы тауешкілер отбасында өзара түсіністік пен сыйластық орнап, бірге қол жеткізген табысына қуанады. Ал бойдақ тауешкілер күтпеген жерден өзіне шынайы қамқор серік табуы мүмкін. Қалай болғанда да, бұл таныстық тауешкінің жүрегіне жылу сыйлап, өмірлік серігі болуы ғажап емес. Тауешкілерге осы жылы басты кеңес – еңбек пен тынығуды үйлестіріп, тұрақты күн тәртібін ұстану. Демалыс пен спортты қатар алып жүрсе, иммунитет мықты болады. 2026 жылы тауешкі белгісіне қоңыр, қыша түсті, сұр және қою көк түстер сәттілік әкелмек.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)

2026 жыл суқұйғыштар үшін жағымды жаңалықтарға толы, ерекше қолдау сезілетін жыл болмақ. Юпитер планетасының әсерімен бұл белгі иелеріне жаңа мүм­кіндіктерге жол ашылады. Көптеген суқұйғыш өзінің дарыны мен еңбегінің мойындалғанын көріп, мансапта да, шығармашылықта да жетістіктерге қол жеткізеді. Суқұйғыш өзінің ерекше ойлау қабілеті мен сабырлы мінезінің арқасында кез келген сынақтан сәтті өтеді. 2026 жыл – суқұйғыштар үшін өзін толық көрсетуге және жайлы аймақтан шығып, жаңа бастамалар көтеруге таптырмас мүмкіндік. Бұл жылы жұлдыздар суқұйғышты қолдап, қай істе де жолын ашып отырғандай сезім болады. Жеке өмірде де суқұйғыштарды қызықты кезеңдер күтіп тұр. Достары мен жақындарының ортасында олар шынайы болмысын көрсетіп, айналасына тартымдылығымен әсер етеді. Сол себепті биыл көптеген басы бос суқұйғыш сүйіктісін кездестіруі мүмкін. Отбасылы суқұйғыштар жарымен бірге жаңа бастаманы қолға алады. Суқұйғыштар денсаулығы жақсы, тек демалысты ұмытпай, жүйкені тыныштандыруды естен шығармаса болғаны. 2026 жылы суқұйғыш белгісіне сары, қызғылт және қызғылт сары түстер ерекше жол ашады.

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)

2026 жыл балықтар үшін рухани жаңару және ішкі тепе-теңдік жылы болмақ. Юпитердің жарылқауымен бұл белгі иелерінің мансап және отбасы саласында жолы болып, көптеген қуанышты сәттер сыйлайды. Жұмыста бағаланып, табысқа кенеледі, үйінде береке мен жылы қарым-қатынас орнайды. Балықтар биыл өзін толғандырған сұрақтарға жауап іздеп, ішкі дауысын тыңдауға көбірек уақыт бөледі. Кей кездері көңіл күйінде ауытқулар болуы мүмкін, бірақ бұл қалыпты, мұндай сәттер өзін тереңірек танып, шынымен не қалайтынын түсінуге көмектеседі. Маңызды шешімдер қабылдағанда жүрек үнін тыңдаған жөн. 2026 жылы балықтардың шығармашылығы жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа мақсаттарға жол ашылады. Жеке өмірде де жақсы жаңалықтар көп. Олар жақындарына бұрынғыдан да қамқор болып, жанашырлық танытады. Отбасылы балықтарда өзара қолдау мен сүйіспеншілік артып, берік отбасылық құндылықтар қалыптасады. Ал басы бос балықтар осы жылы өзіне рухани тұрғыда жақын, жанын түсінетін адамды жолықтыруы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас балықтардың жүрегіне сенім ұялатып, оларды бақытқа бөлейді. 2026 жыл балық белгісіндегілер үшін тынығу мен жан саулығын басты орынға қоюы қажет. Медитация, йога, шығармашылықпен айналысу көңіл күйді көтеріп, психикалық тепе-теңдікті сақтауға жәрдемдеседі. Физикалық тұрғыда да өзін күтіп, дұрыс тамақтанып, жеткілікті демалса, денсаулық жақсы болады. 2026 жылы балықтар белгісіне қыша түсті сары, ашық көк және теңіз толқыны тәрізді жасыл-көк реңктері сәттілік әкеледі.

Дайындаған София Хайрулла

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: