Қазақстан Республикасы аймағының 34 пайызы оба ауруынан қолайсыз болып есептеледі. Облысымыз Орталық Азия табиғи шөлейтті оба ошағының белсенді бөлігінде орналасқан.
Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының эпизоотологиялық бақылау жасау аумағының құрамына Қызылорда облысының 5 ауданы (Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) және Ұлытау облысының Ұлытау ауданының оңтүстік бөліктері кіреді. Бақылау жасау аумағының көлемі 167100 шаршы шақырым (әрі қарай – ш.ш.), оның 140200 ш.ш. (84%) обаның энзоотиялық аймағын құрайды.
Эпизоотологиялық зерттеу аумағында орналасқан халықтың оба және басқа да аса қауіпті, карантинді жұқпалардан санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында станцияның және Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің 2 тұрақты зертханасымен және 5 эпиджасақ күшімен эпидемиологиялық бақылау және алдын алу шаралары ұйымдастырылады.
2025 жылдың 20-21 ақпан аралығында Қызылорда обаға қарсы күрес станциясында станциясының эпизоотологиялық зерттеу жасау аумағында орналасқан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету барысында 2024 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы және 2025 жылға алға қойған басты міндеттері бойынша екі күндік ғылыми-өңдірістік мәжіліс өтті. Мәжіліске станция басшысы, станция басшысының санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің басшысы, станция дәрігерлері мен зоологтары қатысты.
Мәжіліс екі бөлім бойынша өтті: Өндірістік және ғылыми. Бірінші күні станция басшысының санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының, Жосалы бөлімше басшысының 2024 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары, 2025 жылға арналған жоспарлары мен АҚИ эпизоотологиясы және профилактикасы зертханасы меңгерушісінің 2024 жылғы қалыптасқан эпизоотологиялық жағдай мен 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндамалары тыңдалды.
Станция басшысының санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының баяндамасында мамандардың кәсіби деңгейін жоғарылату, станцияның материалдық-техникалық жағдайы, биологиялық қауіпсіздігі және физикалық қорғалуын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар баяндалды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жұмыстарының толық орындалғандығын мәлімдеп, 2025 жылға алға қойылған негізгі жоспарларына тоқталды.
Осы баяндамалар негізінде станцияның зертхана меңгерушілері өз ой-пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар станция басшысының экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары ақпараттық қауіпсіздік туралы ережемен таныстырды.
Мәжілістің екінші күні эпидемиологиялық бақылаудың әртүрлі мәселелері, станцияның қызмет көрсету аумағындағы оба эпизоотиялық процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ АҚИ-ға зертханалық зерттеулердің көп жылдық нәтижелері мен талдаулары бойынша дәрігерлер мен зоологтардың барлығы 8 ғылыми баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланды.
Өткізілген ғылыми-өңдірістік мәжілістің қорытындысы негізінде шешім қабылданып, Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесі басшысына және зертхана меңгерушілеріне жоғарыда аталып өткен жұмыс қорытындылары мен ұсыныстар жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы обаға және басқа карантинді, аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіп, облыс бойынша эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысуда.
Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!