Сенбі, 24 мамыр, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

Жұмысшы мамандығына көңіл бөлінуде

24.05.2025

71 0

Аймақтағы 339 мектепте  184 мың оқушы білім алуда.  Биыл «Алтын белгіге» үміткер түлек саны – 805.  18 маусым күні «Жолың болсын, жас түлек!» тақырыбында аттестат табыстаудың салтанатты рәсімімен биылғы оқу жылы түйінделеді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталы­ғында «2024-2025 оқу жылының аяқталуы және мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығы туралы» тақырыбында өткен брифингте облыстық білім бас­қар­масының басшысы Асқарбек Есжанов баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, ұлттық бір­ыңғай тестілеудің шешуші кезеңі Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу орталығында өтеді. Оған 11-сыныптағы 9 531 түлектің 8 528 немесе 89,5 пайызы қатысады.

Сонымен қатар қорытынды бітіру емтихан­дары 9 сыныптағы 16306 білім алушы үшін 29 мамыр – 10 маусым, 11 сыныптағы 9531 бітірушінің мемлекеттік емтихандары 30 мамыр – 16 маусымда өтеді.

– Басқарма тарапынан арнайы бұйрық шыға­рылып, барлық білім беру ұйымдарының бас­шыларына мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына сәнді киім-кешекке жұмсалатын шығын­дардың орынсыз екені туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мерекелік дастархан ұйым­дастыруға, жалға берілетін автокөлікті пайдалана отырып, қалада, қала сыртында экскурсия өт­кізуге, емтихан кезінде дастархан жаюға, сынып жетекшілеріне сыйлық ұсынуға жол бермеу керектігі қатаң түрде тапсырылды, – деді басқарма басшысы.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірқатар жұмыстар қолға алынған. 45 жоғары сынып оқушысы аттестатпен қатар жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алған. 121 студент кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша оқуын аяқтап, жұмысқа кіріспек. 26 кәсіп­орын тарапынан 17 колледжге шефтік көмек көрсетілуде. Өткен жылы 5895 түлектің 4951-і жұ­мысқа орналасқан. Биылғы жылы да  бұл жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылмақ.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: