Сенбі, 25 қаңтар, 05:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6,2119
25.01.2025
PDF мұрағаты

Жұмысшыны баспанамен қамтамасыз ететін бағдарлама

25.01.2025

68 0

Мемлекет басшысының бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылында» еңбек адамын қолдауға арналған шаралар қабылдануда. Бұған дейін жұмысшы мамандарды баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа бағдарлама іске қосылатыны туралы үкімет отырысында айтылған еді. Енді, міне, «Наурыз жұмыскер» атты жаңа бағдарлама жұмысшы мамандарын  баспанамен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер»  жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жариялады.  Бұл жұмысшы мамандардың баспана мәселесін шешпек. 

Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды. 

Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр. 

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 17 наурызынан басталады деп жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.

Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы – облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.

Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейді, бұл несие беру үшін өз қызметкерлеріне қаражат бөлетін кәсіпорындарға арналған. 

 – Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.  Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері біздің негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», – деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Атаулы жылда еңбекпен шыныққан жандардың еңсесін көтеруге арналған қолдау болып, баспана мәселесі шешімін тауып жатса, құба-құп. Бұл жұмысшы мамандардың әлеуметтік жағдайын да, беделін де биіктете түспек.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: