Сейсенбі, 15 сәуiр, 06:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

Жұртты жұмылдырған бастама

31.12.2024

418 0

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Сыр өңірінде жыл бойы жалғасын тапты. Экологиялық бағдарламаны өңірде өткізудің облыстық іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарында апталық шаралар ұйымдастырылды.

Тазалық шараларына 600 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкері қатысты. Нәтижесінде 23 мың тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылып, елді мекендердегі 505 сквер мен парк, 225 тарихи-мәдени ескерткіш, 791 әлеуметтік нысан, 4332 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су айдыны, 47451 көше бойы және 6929 көпқабатты үй мен 40522 жер үйдің ауласы тазартылды. Оған 500-ден астам техника жұмылдырылған. Ал көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша өңір климатына жерсінген 129358 қара ағаш, терек және Сыр талының көшеті егілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: