Сенбі, 04 қазан, 10:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Жылу маусымы: Жағдай қалай?

04.10.2025

38 0

Енді аз ғана уақыттан соң жылу беру маусымы басталады. Қыстың қаһарлы суығына шыдап беру үшін жан-жақты дайындық қажет екені белгілі. «Жылу қазандығы жарылды», «мектеп жылымай тұр», «тұрғындар тоңды» деген секілді мәселелер болмас үшін жаздағы күрделі жөндеу жұмыстары тыңғылықты атқарылуы тиіс. Облыс орталығындағы нысандардың қысқы маусымға дайындығы қалай?

Жыл сайын жылу қазандықтары мен жылыту құбырларын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары қатаң сұралады. Бұл тұрғыда қаламызда дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қаладағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

Қазір жергілікті билік алдында жөнделіп жатқан желілер мен нысандарды уақытында аяқтау міндеті тұр. Бүгінгі таңда Қызылорда жылу-электр орталығында 1 генератор мен 4 күштік трансформаторды жаңғырту жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ 10 бу қазандығы мен 20 автономды қазандық жөндеуден өткен. Желілерді жаңғырту мақсатында Қызылорда қаласында 6 жоба іске асуда. Жұмыс жылу беру маусымына дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Сонда 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен тұрақты қамтылатын болады. Қазіргі таңда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан толық дайын.

Сонымен қатар жауапты сала басшыларына әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің әзірлігін қатаң бақылауда ұстап, қажетті отын қорын уақытылы жеткізу тапсырылған. Жоспарға сәйкес, алдағы маусымға 139 мың тонна көмір қажет. Оның 117 мың тоннасы халықтың, 22 мың тоннасы әлеуметтік нысандардың қажеттілігі. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп келеді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: