Сенбі, 13 қыркүйек, 12:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69,2182
13.09.2025
PDF мұрағаты

Зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты мақсат

13.09.2025

40 0

Елімізде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер көбеюде. Әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселеге айналды. Отбасындағы жанжалдың кесірінен ана мен бала өміріне қауіп төнген жағдайлар жиі кездесуде. Бұл жөнінде ақпарат құралдарынан естіп те, көріп те жүрміз. Сондықтан да бұл мәселеге қоғам алаңдаулы. Әлеуметтік желіні ашсақ, отбасындағы ұрыс-керістің кесірінен жағымсыз жайтқа тап болғандар жиілеп кетті. Сондықтан да отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.  Осы орайда  отбасындағы әйелдер мен балалардың тұрмыстағы зорлық-зомбылығына қарсы елімізде нақты шаралар қолға алына бастады.       

Қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Айгерім Ерболатқызының сөзіне сүйенсек, зорлық-зомбылық мәселесі бойынша түсетін шағымдар мен қоңыраулардың саны былтырғыға қарағанда төмендеген.

 – Зорлық-зомбылық – қоғамның немесе бір мемлекеттің ғана емес, бүкіл әлем елдерінің басты мәселесіне айналған сұрақ. Себебі отбасында жасалатын зорлық-зомбылық қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда отбасында болып жатқан зорлық зомбылықтар кеңінен тарап жатқаны бәрімізге мәлім. Бұл мәселе мемлекет бақылауында. Заң мен тәртіп қағидатында көрсетілгендей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз. Халыққа айта кететін жайт, осы жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілік полиция қызметі бөлімімен отбасындағы зорлық зомбылыққа қарсы бөлімшесі ашылып, осы бағыттағы жұмыстарын атқаруда. Биыл осы уақытқа дейін 102 арнасына 853  отбасы жағдайындағы хабарлама келіп түскен. Оның ішінде  756 хабарламаға әкімшілік шара көрілген.  Сонымен қатар 8 ай ішінде отбасылық жанжалға қатысты 28 қылмыс дерегі орын алған. 28 тамыз-10 қыркүйек аралығында республика бойынша Қызылорда өңірінде «Бақытты отбасы – Бақытты ел» атты акция ұйымдастырылды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қоғамдағы ана мен бала құқығын арттыру, қолдау. Біз үшін ең бастысы – әрбір отбасының қауіпсіздігі мен тыныштығы. Қазіргі уақытта бөлім мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, профилактикалық шаралар жүргізуде, – деді Айгерім Ерболатқызы.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ішінде отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Мұндағы психолог, заңгер мамандары кез-келген отбасыға психологиялық, құқықтық бағытында кеңес береді. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер бар.

– Біздің мамандар қиын жағдайдағы отбасыларды зерттеп зерделейді.  Біздің орталыққа өздері өтініш беріп тіркелген 1200 адам тіркелген. Осал топтағы азаматтарды қоғамдық өмірге бейімдеу барысында да жұмыстар атқарылады Сонымен қатар акция аясында тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылық ақпараттандырылды, – деді отбасын қолдау орталығының кеңес беру және кешенді сүйемелдеу бөлімінің басшысы Еркін Сыздық 

Әрбір ата-ана баланың өсіп-өнуіне, тәрбиесіне жауапты. «Баланың теріс қылықтары отбасындағы зорлық-зомбылықты көріп өскеннен басталады», – дейді мамандар. Көбінесе тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны әйелдер мен балалар болатыны белгілі. Ал мұндай жағдай балаға кері әсерін тигізетіні анық. Адам өмірі, құқығы мен бостандығы ең басты құндылық болып саналады. Сондықтан бір-бірімізге зиян тигізбей тыныш қоғамда бақытты өмір сүргенге не жетсін?        

Айтолқын АЙТЖАНОВА

Суретті түсірген Нұрболат Нұржаубай

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: