Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«31 жыл болды, күйеуім бандит…»: Гүлнұр Мамасарипова

23.12.2024

212 0

Сурет: Nur.kz

Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова алғаш рет күйеуі жайлы көп білмейтін деректерді бөлісті, – деп хабарлайды  Alash.kz 

Бұл туралы ол Kozqaras подкастына берген сұхбатында айтты. 

Ол подкаст жүргізушісі Роза Әшірбаеваға жарымен алғаш рет қалай танысқанын әңгімелеп берді. 

«Күйеуіммен алғаш рет мектеп жасымызда дискотекалардың бірінде танысқан едік. Содан кейін Алматыға келіп бір университетке түсіп, табысып кеттік. Ол заң факультетінде оқыды, ал мен журфакта оқыдым. 90-жылдардың басы бандиттер, рекэтирлер модада еді ғой. Ол кісі сондай заң маманы болғандықтан, достарымен бірге 90-жылдардағы бандиттер секілді, мықты, спортшы, кез келген жерде мен үшін тұрып бере алатын болды. Сондай образдағы азамат болатын. Менің алғашқы махаббатым болды. Жалғыз сол жігітпен жүріп, сол жігітке тұрмысқа шықтым», – деді ол жары жайлы. 

Продюсер сондай-ақ күйеуімен осыдан 31 жыл бұрын отасқанын және үш қыздың ата-анасы болып отырғандарын айтты.

«Кеше ғана өзі жазып, қуантып жатыр. «Бүгін сені ауылға келін қылып апарған күнім екен ғой» деп. Оны тіпті мен де ұмытып кетіппін. Содан бері 31 жыл уақыт өтіп кетіпті. Қазір, мінеки, үш қыздың ата-анасымыз. Кейде неге жас кезде туып алмадым екен деп өкініп қоямын», – деп жауап берді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: