Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Әкемді атып, досын бауыздап кетті»: Елдос «Колобок»

20.09.2024

575 0

Танымал блогер, шоумен Елдос Кәдірханов балалық шағынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Одан кейінгі өмірлерінің қалай өрбігенін де бүкпесіз баяндап берді. 

Желі жұлдызы балалық шағын есіне алып, марқұм әкесі туралы “Taboo” бағдарламасында айтып берді. 

“Әкем ет сатумен айналысатын. 2001 жылы жағдайымыз енді көтеріліп келе жатқанда әкемнен айырылып қалдық. Шымкент өңірінің Леңгір ауданын кішкентай кезімізден жек көріп өстік. Қанды оқиға сол ауданда болған еді. “Сол жақта ет бар, бар ақшаңды алып шық” деп хабарласады. Әкем ешқашан рөлге отырмаған адам. Үнемі досы жүретін. Серіктестері шақырып алады. Ол кезде жигули маркалы машинасы болатын. 500 мың теңгені үйден алып шықты. Жолда кетіп бара жатқанда, артта отырған орыс досы папамды атып, досын бауыздап тастайды. Одан кейін машинаны өртеп, жырадан лақтырып жіберген. Біздің әулеттегі адамдардың денесінде тыртық болатын. Әкемді сол тыртығынан таныды. Менде және немере әпкелерімізде бар еді. Әлі күнге дейін 500 мың теңге үшін өлтіріп кеткені жанға батады. Өмірден тым ерте кетті”, – деп көңілін босатты Елдос. 

“Анам 33 жасында, екі баламен жесір қалды. Әкемнің досының артынан төрт бала қалды. Қазір араласып тұрамыз. Тіпті, бала күнімізде түрмеге түсуді армандайтынбыз. Әкелерімізді өлтірген адамдар 26-28 жылдарға сотталды. Соларды көріп, кек алуды ойладық. Әкем қайтқаннан кейін, анам бірден намаз оқып кетті. Соңғы сәт көз алдымда. Әкем ауладан шығып тұрып, “Сендер мамаларыңа, сен балаларға қара” деді. Содан қайтып оралмады. Әкемнің сүйегіне анам өзі кірген. Ешкімнің батылы жетпегендіктен, анам кіріп, әкемді жуындырды. Талай қиындықтан өтті. Көшеде келе жатып, ұрлықшыларға кездесті. Сол кезде анам сөмкесін, әмиянын ешқандай қарсыласпай беріп, жіберіп, екі баласын бауырына басып жылады. Анамызды қорғай алатын дәрежеге жетейікші деген мақсатпен өстік”, – деді блогер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: