Сенбі, 28 желтоқсан, 00:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Әлі ешкім білмейді»-Нұрлан Әлімжан Әйгерім Қалаубаевамен арақатынасы туралы айтты

31.05.2024

1424 0

Сурет:видео скрин

Танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжан «1001 түн» телебағдарламасына берген сұхбатында өзін Әйгерім Қалаубаевамен қосатындарға жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иелері бірлесіп үлкен жобаға кіріскен.

«Мен тек Әйгеріммен дуэт айтамын, Әйгерім тек менімен дуэт айтады. Осындай ой бар. Өйткені біз бұған кәдімгі жоба ретінде қарап жатырмыз. Бұған дейін арасында ғана той жүргізген кезге әндеріміз болсын десек, енді кәсіби тұрғыдан қараймыз. Әрбір үтір-нүктесіне дейін, оның киімі, стилі, клипіне мән береміз, өзінің жүйесі болуы керек», – деді өнер иесі.

Осы тұста бағдарлама жүргізушісі Әйгерім Сейфолла әншіден «Өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырасыздар ма?» деп сұрады.

«Алла бұйыртса, толтырамыз. Олсыз да толтырып келе жатырмыз деп ойлаймын. Осы күнге дейін жарыққа шыққан 2-3 әніміз бар. Ал енді жақында бөлек альбом шығады. Мұны әлі ешкім білмейді, тек жақын адамдарымыз ғана хабардар», – деп жауап берді әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: