Сенбі, 21 желтоқсан, 17:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Ән айтсам, жағым шығып кетеді»- Актриса Фариза Ескермес

05.10.2024

465 0

Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

Актриса Фариза Ескермес Taboo бағдарламасында өмірінде болған келеңсіз жағдай жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Бұл далада болған оқиға. Негізі оны есіме түсіріп, айтқым келмейді. Бір мүлдем танымайтын адам мені ұрып, сөмкемді алып үлгермей, ұялы телефонымды ұрлап, қашып кетті. Аузымды қатты ашып, ән айтсам, жағым шығып кетеді. Жақтың проблемасы осы жағдайдан кейін пайда болды ма екен деп ойлаймын. Сондықтан кішкене өзімді дұрыстауға тура келді. Солайша, мен ота жасаттым. Ота дейтіндей ауыр нәрсе емес. Жай ғана салдыру, жай ғана бет-әлпетті жөндеу болды. Бірақ сол кезде ол қанап, біраз қиындықтар болды», – дейді актриса.

Актриса жайлы не белгілі?

Фариза Ескермес – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Актерлік шеберлік» мамандығын аяқтаған. Фариза Ескермес студент кезінен бастап қыздардан тұратын JayRun тобында ән айтты. Сондай-ақ ол «Бажа», «Алаяқтар», «Алтын тақ», «Дала қырандары» фильмдеріне түсті. Қазір «Жұлдызды жұп» шоуында Әли Оқаповпен бірге бақ сынап көріп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: