Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әнші Әли Оқапов қандай дертке шалдыққанын айтты

02.10.2024

313 0

Фото: instagram.com/aliokapov

Танымал әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне дисфония диагнозы қойылғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповқа қойылған диагноз ән орындау кезінде дауыстың қарлығуына себеп болуы мүмкін.

Әли Оқаповтың айтуынша, бұл дертпен 5 жыл бойы күресіп келеді екен. Әнші дауысының нашарлауы стресс пен шамадан тыс шаршағанның кесірінен болғанын айтады. 

«Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін», – деп жазды ол. 

Қарлығу, дисфония – дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл – көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әртүрлі кеселдер.

Еске салайық, қазір Әли Оқапов «Жұлдызды жұп» бағдарламасына қатысып жатыр. Оның жобадағы серігі – танымал актриса Фариза Ескермес. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: