Қазақстандық танымал Ninety one тобының әншісі Азамат Ашмақын топтың неліктен сахнадан көрінбей кеткенін «Қызық Times» бағдарламасында берген сұқбатында айтты. Бұл туралы SMARTNEWS.KZ басылымы хабарлайды.
Асе лақап атымен танылған Азамат Ашмақын бағдарлама барысында топтың неліктен сахнадан алыстап кеткенін түсіндірді.
«Осыдан бірнеше уақыт бұрын әркім өз қалағанымен айналысады деп демалыс алған болатынбыз. Творчествоға оралар алдында жаңа бір күш жинап алайық деп өзімізге демалыс бергенбіз. Бізде қазір Дулат пен Батыр балалы болды. Дулаттың қызы, Батырдың ұлы бар», – деді Асе.
Оның айтуынша, қазір өзі жеке шығармашылығына көңіл бөле бастаған. Алайда әнші «Ninety one» тобы сахнаға қашан оралатыны нақты белгісіз екенін атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!