Актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде «аяғы ауыр» суретін жариялады. Желі қолданушылары Айжұлдыз Адайбекованың суретін қызу талқыға салуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Есікті аша алдым. Себебі, кілті менде», – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары актрисаның бұл суретіне түрлі пікір білдірді. «Гендер-пати қашан?», «Қанша айлық?», «Қызды боласыз», «Өте әдемі жарасады екен», «Құттықтаймын», – деп жазған желі қолданушылары. Желідегілер арасында Адайбекованың бұл жаңа фильмдегі рөлі екенін түсініп үлгергендер де бар. «Киноға түсіп жатыр ғой», «Сәбидің кім екенін кинода көреміз», – деп жазды актрисаның оқырмандарының кейбірі.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы некесінен бір ұл тәрбиелеп отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!