Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Айгүл Иманбаева: «Мен өліп қалдым ба?» деп шошыдым

05.07.2024

446 0

https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/111139/

Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен сұмдық жайт туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол бала кезінен айкезбе ауруынан зардап шегетінін жеткізді.

«Мен айкезбемін. Бұл ауру ма ерекшелік пе білмеймін, бірақ мұндай менде бала кезден бар. Тіпті қазірдің өзінде айкезбемін, жасырмаймын, бірақ бұрынғыдай жиі емес. Ал бала кезімде тым жиі болатын. Түнде ұйықтап жатып, орнымнан тұрамын, жүремін, үйден шығып кетемін, қар ма, жаңбыр ма, түн бе қарамаймын. Үйдің есігі ашық қалады, кілті бір жақта жатады, үстімде түнде киіп жататын киім, қар үстінде жалаңаяқ жүремін. Басымнан осы секілді әртүрлі жағдай өтті», – деді ол.

Сондай-ақ, өмірінде болған тылсым дүниеге қатысты жағдайды еске алды.

«Бірақ менің өмірімде тылсым дүниемен қатысты сәт өте көп болған. Мұны ана дүниемен байланыс деп түсіндірсем бе, білмеймін. Тылсым дүниеге сенбеймін десеңіз, құдай өзі сендіреді. Өйткені бала күнімнен бері басымнан неше түрлі жағдай өтті. Кейде өзіме «Әйгүл сен жынданып кеттің бе?» деп айтамын. Арасында медресеге барып, ұстаздардан ақыл сұраймын. Себебі, көп нәрсені алдын ала көріп түрамын. Бұл туралы оқырмандарыма айтсам, «Мына Айгүл қуып кетіпті» деп ойлайтын шығар. Бір оқиғаны айтып берейін. Жалғас деген бір жігіт бар, Саят деген досым бәріміз Таразға тойға барып, Алматыға қайтар жолда қатты ұйқы қысып, жолдың жағасына тоқтап ұйықтап кеттік. Бір кезде біреу есікті тоқылдатты, қарасам, екі мүйізі бар кәдімгі құбыжық, бойы кішкентай болды. Содан маған «есікті аш» деді, мен «ашпаймын» дедім, ол «бәрібір кіремін ғой, ашыңыз» деді де, фантастикалық фильмдегідей темірден өтіп, менің жаныма келіп отырды. Ол маған жақындаған сайын мен тұншығып жатырмын. Бір кезде ұстайын десем ұстай алмаймын, қолым өтіп кете береді. Одан қашып, орнымнан атылып тұра бергенде өзімнің денемді көремін, «мен өліп қалдым ба?» деп шошыдым. Басымнан осындай бір оқиға өткен. Әлемде тылсым дүние көп, былайша айтқанда, құдайдың құдыретін әр бұрышта сезінесің. Оған қоса, жын мен пірдің қатар жүргенін жаным сезеді. Осындай сәтте көп болдым, оның қайсы бірін тізіп айтайын», – деді әнші Айгүл Иманбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: