Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Айқын мен Жұлдыз 9 жылдан кейін үйлену тойын жасады

18.10.2024

534 0

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzomirgali_official/

Отандық жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тоғыз жылдан кейін үйлену тойларын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұлдызды жұп тойға достары мен жақындарын ғана шақырды.

“Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі қарсы болды. Әке-шешемнен бастап, достарым да теріс айналды. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Өзіңді кездестіргеннен кейін көп нәрсе өзгерді. Мен таңдауым мен шешіміме ешқашан өкінбеймін. Мен сені жақсы көремін. “Ақ көйлек киесің” деп уәде берген едім. Міне, уәдемді орындадым. Анам жылап отыр”, – деді Айқын. 

Одан кейін өнер иелерінің әріптестері түрлі пікір жазып, екі жасқа бақыт тілеп жатыр. 

“Екі бұлақ бір арнаға тоғысты.

Екі жүрек ұғынысты, табысты.

Тілейікші аппақ арман-ағысты.

Тұлпарға тән озып шығар шабысты.

Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп.

Кел, достарым, жақсы тілек тілейік!

Бақытты болыңдар!», – деп жазды Аша Матай екі жастың суретін жариялап.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: