Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Актриса Айнұр Ілиясова туған күніне күйеуінен қандай сыйлық күтетінін айтты

06.09.2023

639 0

Актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова достарының басын қосып, 38 жасқа толған туған күнін атап өтті. Бұл туралы  НТК арнасына хабарлайды. 

Өнер иесі туған күнін жасар алдында біраз ойланған. Оның себебін былай деп түсіндірді: “Әр туған күнімнің алдында біраз ойланамын. Туған күн жасау керек пе, жоқ па… Мүмкін, осы қаражатты пайдаланып біреуге көмектесу керек шығар. Себебі мен өзім эко-френдлимін ғой. Кештен кейін безендірудің бәрі қоқыс болып қалады. Ойлана келе, туған күн бір жылда бір рет келетін болған соң барынша экологиялық сипатта өткізейін дедім. Қыздарды шақырдым», – дейді Айнұр Ілиясова.

Актриса арманындағы сыйлықты күйеуінен күтіп жүр. Тіпті сыйлық таңдауда да ол оның экологияға зиян келтірмеуін ескерген.

“Мен бүгін дастархан жайып жатқандықтан күйеуім маған ақшалай сыйлық берді. Негізі күйеуімнен Tesla автокөлігін күтіп жүрмін. Өйткені ол эко-машина. Күйеуім алып беремін деді”, – дейді актриса.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: