SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсірілімі кезінде аспандағы бұлтты ерекше құбылысқа балады. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Бұл бейнебаян бұрынғыдан ерекше болайын деп тұр… Жаңа бейнебаян түсірілімі кезде осындай керемет құбылыс болды. Аспандағы бұлт Алла деген жазуды бейнелеп тұрды. Алланың аты жазылып тұр. Ешкімге үндемей бірер минуттай қарап тұрып шыдай алмай видеоға түсіріп алдым. Бұл құбылыстың өзі маған ерекше рух берді. Жұмыс барысында осындай құбылыс орын алған болса, бейнебаян қандай болғанын ойлай беріңіздер енді. Бұл сәл бұлттың тарқаған кезі ғой. 1-2 минут алдын бұдан да анық жазылып тұрған еді», – дейді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!