Жұма, 27 желтоқсан, 07:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алмат Сақатов Бишімбаевтың әрекетін зұлымдыққа теңеді

18.04.2024

554 0

Сурет: stan.kz

Бауыржан шоу” театры арқылы танылған актер Алмат Сақатов әйелін ұрып өлтірді деп сот алдында жауап беріп жатқан экс министр Қуандық Бишімбаевтың әрекетіне қатысты жеке ойын Dala подкастында айтып берді деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әйелінің өлгенін күтіп, кейін көріпкелге хабарласуын зұлымдыққа теңеді. 

“Ит үрсе қашасың. Ит қапса ұрып, қорғанасың. Бұл жерде де осындай жағдай. Бұдан керемет таңғаларлық оқиға, сериал жасаудың қажеті жоқ. Ол адамды өлтірді, бұл факт! Ол оны жәй өлтірді ме, қуалап жүріп өлтірді ме?! Адамды аяқ астынан, абайсызда өлтіріп алуың мүмкін. Мысалы, адамды бір ұрған кезде басымен үстелге құласа, өліп қалады. Міне, абайсызда адам өлтіру деген осы. Ал бұл жерде, құдай-ау бәрі айдан анық көрініп тұр ғой, дәлелденіп тұр. Оны әбден ұрды, ол өлейін жатты, қанша уақыт бойы өлгенін қарап, тосып отырды. Бұдан артық қандай зұлымдық керек? Адамды өлтірді ме, болды, ол сотталуы керек”, – дейді актер. 

Сонымен қатар өнер иесі “Салтанат тілінен тауыпты” деп жатқан халыққа да ренішін жеткізді. 

“Адамдар тілінен тапты деп жатыр. Иә, әйел сөйлейді. Көріп отырған ағайынға сұрағым бар. Кімнің әйелі сөйлемейді?! Сөйлемейтін әйел бола ма?! Әйел енді не істейді?! Олар соға алмайды, ұра алмайды, тістей алмайды. Әйелдің қаруы – тіл. «Тілсіз жау» дейді. «Елу бәленің қырық тоғызы тілден» деп жатады. Әйел сөйлеу үшін жаралған. Ал еркек жұмыс істеп, отан қорғап, ұясын, баласы мен әйелін қорғау үшін туған. Адамдар «не болды әйел ұқсап ұрысып?» деп айтып жатады ғой. Әйел ол сөйлеуі керек, сені шағуы керек. Біздің үйде де айдаһар бар. Анам да әкеме сөйлейтін, үй жинап жүріп ұрысып алатын. Әйелдің табиғаты сондай. Мен оны түсінемін, егер Салтанат қолына суық қару алып, одан Бишімбаев қашып құталамын деп маңдайына балта қадаса, түсінетін едім. Нақсүйері болды деді, сонымен бірге ұстап алса ашумен өлтіріп алуы түсінікті еді. Бірақ сөйлегені үшін адамды ұрып өлтіріп, оны тосып, көріпкелге қоңырау шалу деген – сұмдық. Айтарға сөзім жоқ», – деп пікір айтты өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: