Сейсенбі, 17 қыркүйек, 14:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74-2084
17.09.2024
PDF мұрағаты

Алматы қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді

17.09.2024

96 0

Мәдениет – ұлттың мәйегі. Осы бір сала ұлттың ұлылығын, елдің елдігін айшықтап тұратындай. Қыркүйек айының 21-22 күндері Алматы қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді. 

 Маңызды шараға сырдың сақа өнерпаздарының да дайындығы қызу. Күрделі шығармалар дайындалап, әлемнің бес тілінде әуезді әндер шырқалмақ. Мақпал мақам мен сұлу сазға шөліркеген Алматылық ағайынға жыршылар да жырдан шашу шашпақ. Оңтүстік астанада өтетін өнер күндерінің дайындығын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова баяндап берді.

 – Алматыда өтетін өнер күндеріне дайындық жүйелі жүргізілуде. Алматылықтар ең алдымен «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрмемен танысады. Көрмеге аймақтың жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық дамуын суреттейтін құнды экспонаттар қойылады. Әсіресе, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, жаңғыртудан өткен «Шірік-Рабат сақ жауынгері»,» Сығанақ ханшайымы» мүсіндері көпшілікке ұсынылады. Әншілердің де репертуары толық өзгерді. Жаңа бағдарламамен Алматыға жол тартпақпыз. Облыс әкімінің қолдауымен әртістерімізге жаңа костюмдер әзірленді. Гала-концертте Алматыдағы жерлестеріміз де бой көрсетеді. Сондай-ақ терме бағыты бойынша білім алып жатқан Қызылордалық студенттерге де жыршы-жырауларымыздың шеберлік сағаты өткізіледі деп жоспарлануда,- деді Мира Жомартқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: