Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Аппаратты өзің өшіріп, өлтір деді». Әнші Ердос Қанаевтың әйелі қайтыс болған баласын еске алды

14.06.2024

702 0

Сурет:instagram.com/aidana_meirbekova

«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың әйелі Айдана Мейірбекова «Айтарым бар» бағдарламасына берген сұхбатында қайтыс болған баласын еске алды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айдана Мейірбекова алғашқы жүктілігі ауыр өткенін айтты.

«2010 жылы алғаш ана атандым. Жүктілігім өте ауыр өтті. 7 ай бойы ауруханада жүрдім. Бірақ аяғым ауыр кезде бірде-бір дәрігер баланың ақауы бар, мүгедек болуы туылуы мүмкін деген секілді ештеңе айтпады. Балам 7 айында дүниеге келді. Ол бірден жансақтау бөлмесіне түсті. Босанған ауруханада «баладан бас тарт, ол адам болмайды» деді. «Саған мұндай тірі өсімдік не керек» деді. Сонда жансақтау бөлімінің басшысы келіп, «аппаратты өз қолыңмен өшір» деді. Сондықтан басқа ауруханаға ауыстық. Бұл жақта 40 күндей жаттық. Оған күніне тек жарты сағатқа кіруге рұқсат береді. Айналасының бәрі шиқылдаған аппарат. «Миының төрт бөлігіне де қан құйылған, одан аман шығу мүмкін емес, 100-ден 1 пайыз ғана мүмкіндік бар» деді. Алайда бір күні «балаңызды жансақтау бөлмесінен бөлімшеге ауыстырдық, келіңіздер» деп қоңырау шалды. Балам шілде айында дүниеге келді, қараша айында үйге шықтық. Сол уақыт аралығында түрлі нәрсені көрдім. Ол кезде жасым небәрі 19-да, мен ол кезде мүгедек, ДЦП дегенді мүлдем түсінбеппін. Мен жеңіл қараппын. Маған ол қарапайым бала сияқты көрінетін, мен қалыпты бала қандай болатынын білмейтінмін. Жыламайтынмын», – деді Айдана Мейірбекова.

Ол бала 1 жасқа толғанда ғана ода ДЦП бар екенін білгенін айтты.

«Бала 1 жасқа келгенде педиатр өте ауыр жағдай, оған мүгедектік рәсімдейік деген кезде ғана түсіндім. Сендерде ДЦП деді. Біздің балада жағдай ауыр болды, ол тек қана жататын болды. Басын ұстай алмайды, көзі көрмейді, жұту қабілеті жоқ, аяқ-қолы жұмыс істемейді», – деді Айдана Мейірбекова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: