Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақбота Керімбекова халықтан сөз естіді

19.04.2024

566 0

Сурет: stan.kz

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жұлынған бір шоқ қызғалдақ гүлімен фотоға түсіп, ескерту алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші жеке парақшасына көктемнің символы саналатын сары қызғалдақтармен түскен фотосын жүктеді. 

“Әлем – әдемі, Көктем – әдемі. Мен және барша қазақтың қыздары әдемі. Әдемі қыздар, лайк басамыз, көп екенімізді көрсетейік әлемге”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншінің фотосының астына түрлі пікір жазып, ескерту айтты. 

“Айыппұл салатындар жетіп келмесін”, “Қолыңдағы сарғалдақ қызыл кітапқа енген бе еді?”, “Қызғалдақты жұлуға болмайды деген заңның барын білмейсің-ау”, “11 миллион теңге айыппұл мойныңа ілінді” – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында студент қыз “Қызыл кітапқа” енген «Грейг» қызғалдағын жұлып, оның видеосын ТікТок парақшасында жариялағаны үшін жауапқа тартылмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: