Сейсенбі, 07 қаңтар, 14:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Ақбота-Нұр: «Жаныңды түсінер жар керек»

05.01.2025

220 0

Сурет:alash.kz

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, көпті ойландырып қойды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Уақытты жеңуге болады,

Арылып өкініш, әттеңнен.

Бақытты болуға болады,

Өзіңе ұнайтын сәттермен.

 

Алматы жалғыздар қаласы,

Таулардан тағдырдың күйі ақты.

Көзіңнің ағы мен қарасы,

Күйсандық пернесі сияқты.

 

Жүрегім тыныштық табатын,

Сен жайлы әлемде жоқ нота.

Махаббат күйдірген қанатын,

Аққудың баласы Ақбота.

 

Жақсы көр, жан беріп-жан алыс,

Мына әлем өте лас, өте шу.

Мен үшін күздегі романс,

Сенімен бір шыны кофе ішу,

Өмірде өзіме адалмын,

Мен сені айтпай ақ түсінем,

Көздері күлетін адамның,

Жүрегі жылайды ішінен.

 

Сен бірақ жылама, мұңайма,

Сәбидей сүйкімді күл мейлі.

Жалғыздық ұнай ма Құдайға,

Оны ешкім білмейді…

 

Адамды сүюге ар керек,

Арызың болмасын өмірге еш.

Жаныңды түсінер жар керек,

Жалғыздық – әр түрлі көңілдес…

(c) Ақжол Түменбай» – деп жазды актриса.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: