Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақерке Бүркітбай жүктілік кезінде қандай қателікке бой алдырғанын айтты

12.07.2023

824 0

Белгілі әнші, “Асыл” тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында тәжірибенің жоқтығынан жүктілік кезінде қандай қателік жасағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазір мені жүкті қыз-келіншектер көріп отырған шығар. Менде бір жағдай болды. Мен босанатын сәтке қатты дайындалдым, бірақ одан кейінгіге мен дайын болмадым. Бұл тәжірибенің жоқтығынан болған менің қателігім. Сол кезде мен үшін босанып алсам, бәрі аяқталатындай көрінді. Негізі ол тек бастамасы еді. Бірақ бұл нәрсені қанша жерден біреу ескертіп айтқанымен өз басыңа түспей түсінбейсің. Кейін өзіме: “Неге осы сәтке дайындалмадым?” деп сұрақ қойдым. Негізі біз баланы емес, бала бізді тәрбиелейді. Шыдамдылықты, төзімділікті, сабырлықты үйретеді. Мысалы, мен күнде жаңа нәрсе үйренемін. Алғашқы 1-3 айында іші ауырады, одан кейін тісі шығады. Бір күнім, екіншісіне ұқсамайды. Қазір балам 4 айға толғанда, мен бәрі бір бұған дайын болмас едім деген ойға келдім. Қаншалықты мен әр күнімді жоспарлағаныммен оған дайын болу мүмкін емес екен”, – дейді Ақерке Бүркітбай. 

Ақерке босанғаннан кейін енесінің өзіне күтім жасап, асты-үстіне түскенін айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: