Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақын Исраил Сапарбай қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың білімі жоқ екенін айтты

21.06.2024

645 0

Сурет: stan.kz

Белгілі ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбай қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен арасының қандай деңгейде екенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Сойқан сұхбат” подкастында ақынның айтуынша, туабітті ақын болғаннан гөрі, білімі бар ақын болған жөн көрінеді. 

“Қазір білімді болу өте маңызды. Шаханов екеуміз бір жылда дүниеге келгенбіз. Екеуміз құрдаспыз. Ол кезінде Шәмші Қалдаяқов, Төлеген Айбергенов, Сабырхан Асановпен бірге жүрді. Оқуға түскен кезімде ол мен оқитын Шымкенттегі педагогикалық институтқа сырттай оқуға құжат тапсырды. Барып оқыған жоқ. Неге екенін білмеймін. Ал мен барып оқыдым. Екеуі екі бөлек нәрсе. Ол ерте есейді. Бірақ ақын болу үшін Алладан талант берілу керек. Педагогикалық институттың өзін 4-5 жыл оқып бітірген адаммын. Ал ол сырттай бітірді. Бір күні ректормен жиналыста Мұхтар Шахановтың 25 пәннен қарызы бар екенін білдім. Оқуға тапсырғанымен ешқандай сессияға келмеген. «Мұхтар Шаханов бірде бір сессияға келмеді, оқудан шығарып жіберейік» деді ректор. Сол кезде мұғалімдер қорғап, «ертеңі бар азамат, бізге мақтаныш болады» деп алып қалды. Ол кезде мен мән берген жоқпын. Бітірмесе де дипломды өтірік алуы мүмкін. Ал мен білім алып, оқыдым», – деп бір құпияның шетін шығарды ақын. 

Сонымен қатар әдебиет өкілі білімді күш-жігер жұмсайтын адамдарды биік қоятынын жасырмады. 

“Мұхтардың интеллектуалды білімі жоқ. 1000 жерден талант болса да, білім керек. Ол маған білім жағынан тең келе алмайды. Талай рет көзім жетті. Мен отырған жерге Шаханов отыра алмайды. Себебі одан гөрі менің білімім мықты. Бірақ мен оған «сенен білімім мықты» деп айта алмаймын, ұят болады. Туабітті ақын болғанымен, интеллектуалды білім керек ақынға. Осыны көп адам түсіне бермейді. Шындықты айтсаң, ренжіп қалады”, – деген пікір айтты сазгер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: