Сейсенбі, 26 қараша, 07:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

 «Ауызға ие болу керек» :Жанболат Найзабеков аяғын сындырып алды

19.07.2024

495 0

Сурет: https://www.instagram.com/cocojanbo88/

“Өнер” қырандары театрының әртісі Жанболат Найзабеков аяғын сындырып, төсекке танылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі оқыстан денесін жарақаттап алғанын айтты. 

“Адам жоспар құрады. “Ертең ана жаққа барам, мына жаққа барам” деп.
Бірақ Алланың саған құрған жоспары басқа екен. Оқыс аяқ асты деген осы екен-ау. Аяқ сынады деп кім ойлаган?! Ойламаған жерден осылай болып қалды. Жоспарлар быт-шыт болды, енді екі апта осылай жатамын”, – деп жазды актер. 

Одан кейін сөйлегенде абайлап, ойланып сөйлеу керегін де айтып өтті. 
“Жалпы ауызға ие болу керек екен. “Бір он күн үйден шықпай жатсам ғой демалып” деп едім, “Мә, саған” деді ғой.
Алып койған тойларымнан, келісіп койған сьемкаларымнан, кездесулерімнен кешірім сұраймын. Әдейі емес! Алла қаласа бәрі жақсы болады. Дұғада болыңыздар!”, – деді әзілкеш. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: