Жұма, 27 желтоқсан, 01:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Ажырасқан жігітке тұрмысқа шықпаймын»: әнші Балжан Бидаш

17.05.2024

605 0

Сурет:мамский әңгіме

Танымал әнші Балжан Бидаш «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында қандай жігітке тұрмысқа шығатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, ең бастысы – әйелі бар адаммен сөйлеспей, оған жақындамаған дұрыс, отбасыны бұзбау керек.

«Негізі ажырасқан жігітке тұрмысқа шықпаймын, мынандай жігітпен таныспаймын, мынандай жігітпен жүрмеймін» деген талаптарды сыртқа шығарғанша, сол энергияны іште сақтаған дұрыс сияқты. Өйткені мен тұрмысқа шығар алдында «батыстың жігіттерімен сөйлеспеймін, актер жігіт ұнамайды» дедім. Тағы бір құпия бар, оны айтпаяқ қояйын. Яғни мен аяқ баспаймын дегеннің бәрі орындалды. Сосын махаббат деген нәрсе бар. Қыздың қанша жерден белгілі бір талабы болса да, жақсы көріп қалғаннан кейін өз сөзіне өзі қарсы шығады. Болашақта не боларын білмейміз ғой. Ең бастысы – әйелі бар адаммен сөйлеспей, оған жақындамаған дұрыс, отбасыны бұзбау керек. Ал ажырасқан, балалары бар еркек болатын болса, оны уақыт көрсетеді.

Қазіргі кезде мен жеке өмірге дайын емеспін, әзірге тек мансап қуамын, жұмыс істеймін», – деді әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: