Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге жұмсағанын айтты

14.10.2024

434 0

Сурет:бағдарлама скриншот

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат аналардың гонорарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шоу-бизнес жұлдызы “Көреміз” бағдарламасына келіп, жұмсалған қаражатты бүкпесіз баяндап берді. 

“Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөзде барлығының бағасы тұр. Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың сұрауы мүмкін. Екіншісі “одан көп бер” деп талап қояды. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонорарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді. Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге сұрады, екіншісі 7 миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен төлеп жібердім. Өйткені бұл сома мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді”, – деді продюсер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: