Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында екі жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арналған естелік бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
«Екі жыл өтті, бірақ уақыт жараны емдемейді, ол тек басылады. Сағыныш жанды тербейді. Әкеміздің өнері мен таланты әпкем Бағымға дарыған. Ол осы әнді әкеме арнады», – деп жазды продюсер.
Бейнероликте Баянның әпкесі Бағым Мақсатқызының орындауындағы әсем ән шырқалды. Бұл ән әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, терең әсер қалдырды.
Желі қолданушылары продюсердің жазбасына белсенді түрде пікір қалдырды. Олардың көбі жақын адамын жоғалтудың ауыр екенін түсінетіндерін жеткізді.
«Жүрегім ауырып кетті, Баян, сізді жақсы түсінемін. Жақыныңды жоғалту – ең ауыр сынақ», «Әкеңіздің жаны жәннатта болсын!», «Мен де әкемді сағынамын», «Уақыт емдемейді, бұл шындық. Сағыныш ешқашан жоғалмайды», – деп жазды желі қолданушылары.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!