Дүйсенбі, 25 қараша, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Бұдан кейін ән айтпаймын» әнші Индира Расылхан

01.10.2023

877 0

Әнші Индира Расылхан психологиямен айналысқаны үшін оқырмандарынан кешірім сұрап, алдағы уақытта ән айтпайтынын ресми түрде жариялады.

«Осы уақытқа дейін сіздердің алдарыңызға әнші Индира болдым. Әнші ретінде сіздердің құрметтеріңізді, көңілдеріңізді жаулап алуға тырыстым. Сіздердің көңілдеріңізді өнеріммен жаулап алғаным үшін кешірім сұраймын. Психологиялық мақсатта сіздермен жұмыс істеп жатқаныма 3 жылдың көлемі болды. Психология бір білім ғой. Бірақ бұл Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім, – деді әнші Instagram парақшасында.

Әншінің айтуынша, ол ауыр сынақты бастан өткерген. Енді ол ән шырқамайтынын айтты.

«Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, тек дұға етемін. Мен үлкен сынақтан өттім. Қиын кезеңнен өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын, – деді Индира Расылхан.

Ақпарат көзі: adyrna.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: