Сенбі, 28 желтоқсан, 03:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Былжырап, майысып жүруге болмайды – Ерке Есмахан

18.03.2024

617 0

Сурет: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан ел біле бермейтін мінезі туралы сұраған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ел алдында үнемі жарқырап, майысып жүруінің себебін түсіндірді. 

“Негізі жұмсақтығымның артында ашушаң, өзін қорғай алатын, айқайлап ұрысатын, қатты сөйлейтін, жындымінезді Ерке бар. Қазіргі заманда былжырап, тек майысып жүруге де болмайды. Жақының да, алысың да басынып кетуі мүмкін. Сол үшін нәзіктікпен бірге басқа да қырларыңызды баланста ұстаған жөн”, – деп жауап берді. 

Өнерлі жұп Ерке Есмахан мен Raim жақында республиканы аралап концерт қойған еді. Айтуынша, бір аптада бірнеше салмақ тастаған көрінеді. 

“Бүгін таразыға тұрсам, арықтап кетіппін. Концерт басталарда томпақ едім. 1 апта ән саламын деп салмақ тастадым. Қатты арықтаған да дұрыс емес”, – деп жазды өнер иесі. 

Одан кейін қалың көпшілік эстрада жұлдызынан салынып жатқан жер үйлері туралы айтып беруін өтінді. 

“Вилламыз салынып жатыр. Ол біткен соң, ойымдағыдай интерьер жасаймын деп отырмын. Ол үйге күйеуімнің де жоспары көп. Көшуге әлі біраз уақыт бар. Ең бастысы Алла қалап, сәтін салсын», – деп жазды әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: