Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 08:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Cіздерге не жамандық жасап қойдым а?» : Нұргүл Мыңғатова

05.07.2024

467 0

Көпке «Балқия» рөлімен танылған актриса Нұргүл Мыңғатова әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынайтындарға тіл қатты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол өзін кез келген жерде шынайы көрсететінін айтты.

«Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін! Қалай бар солай!
Тойға барсам шын ықыласпен билеп, көңіл көтеріп қайтамын, өзіміздің той болса, одан күшті. Инстада бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін! Мысалы, мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой, бұл тек менің жұмысым! Демек өмірде ойнамаймын!
Бір тойда абысынтай екеуміз беріліп, қуып билей қалып едік, небір нәрсе жазды ғой халқым. «Балқия құтырған, байып алып секендеп жүр» деп. Жандарым-ау, басымда несием бар. Мен секіріп билеп, бір демалғым келеді ғой. Сонда мен өзіміздің тойда да актриса болып, ешкіммен араласпай отыруым керек пе? Табиғатым сол, арам ойым жоқ, жан-жағымды ойламай демаламын. Бірақ, өкінішке қарай соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар өмірдің алма-кеpек екенін ұмытпаңыздар.
Айтарым осы, ашулы болмаңыздаршы, мен сіздерге не жамандық жасап қойдым а?» – деп жазды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: