Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова дінге қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі оқырмандар тарапынан келген дінге байланысты сұрақтарға кеңінен тоқталды. “Хиджап киіп қайта шешуге көзқарасыңыз?» деген сұраққа актриса қысқа да нұсқа жауап берді.
«Оранып, шешініп жүретіндер жайында әзірге жауап жоқ» деп жауап берген.
Одан кейін тағы бір оқырманы хиджабты шешкенін айтып, актрисаға кеңес беруін өтінген.
“Негізі ше, дін жайында әңгіме қозғағым келмейді. Әркімнің өз түсінігі, әрекеті бар. Хиджабқа келер болсақ, оны айыптайтын біз емес. Өздері біледі. Шешіне ме, жалбырай ма, мода көрсете ме?! Рух төмендесе, жан мен тән, теңеспей қалады. Кім қалай түсінді?» деп оқырмандардың өзіне сұрақ қойды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!