Бейсенбі, 09 қаңтар, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Дильназ Ахмадиева өзін ағасы қалай ел алдында ұятқа қалдырғанын айтты

09.01.2025

194 0

Сурет: alash.kz

Дильназ Ахмадиева YouTube-тегі “Скокер Паниэль” арнасының “ Айтуға ұят” атты шоудың құрметті қонағы болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шоу форматы бойынша шақырылған жұлдыздар стендапшылармен бірге өздерінің ең ыңғайсыз немесе ұятты оқиғаларын бөліседі.

Эфир барысында әнші өзінің жастық шағында жатақханада тұрған кезіндегі бір оқиғаны  әңгімеледі. Бұл оқиға оның ағасы, “Яшлық” тобының солисі Дильшат Ахмадиевпен байланысты болып шықты.

“Әкем шие әкелді, мен қуанып, көшеде көп жеп қойдым. Соның салдары ұзақ күттірмеді. Үйге жүгіріп бара жатқанмын, бірақ кілт ағамда болып, үлгермей қалдым. Ал Дильшат бұл оқиғаны барлық достарымызға айтып берді”, – деп, Дильназ жан сырын ақтарды.

Әншінің айтуынша, осы жағдайдан кейін ол бір ай бойы көшеге шығуға ұялған.

Шоу көрермендері Ахмадиеваның әзілқойлығы мен өзін-өзі сынау қасиетін жоғары бағалады. Көпшілік пікірлерінде Дильназдың өзге қонақтарға қарағанда өзін-өзі әжуалаудан қорықпайтынын атап өтті.

Жанкүйерлер Дильназ Ахмадиеваға әрдайым осындай ашық әрі шынайы болып қалуды тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: