Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Димаш Құдайберген Діндер съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

08.10.2024

337 0

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды.

Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар.

Хатшылық отырысына қатысушылар осы бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады.

Қалған ізгі ниет елшілерінің тізімі мынандай:

Иерусалим Патриархы III Феофил;

Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;

Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен. 

Еске салайық, Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысымен кездескен еді. 

“Біз көші-қон мәселесін талқыладық. Мен бұл істі қолдайтынымды айттым.
Бас хатшы көші-қонның маңызына тоқталып, мені міндеттемем үшін құттықтады. Антониу Гутерриш мырза менің шығармашылығым дүниежүзіндегі миллиондаған тыңдарманға жеткенін және адам құқығын қорғауға септігі тигенін айтты. Демек, мен өз талантымның арқасында әлемге өзгеріс енгізе алады екенмін. Осы сәтті бөліскеніме қуаныштымын!”, – деп жазды әнші.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: