Жұма, 27 желтоқсан, 14:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Домбыра- харам»: Айтыскер Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапты арамға теңеген бойжеткенді сынады

08.09.2023

834 0

Әлеуметтік желіде белгісіз қыздың домбыра тартудың күнә екенін айтқан бейнежазбасы тарады. Аталмыш видеоға қатысты белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Ақыркетте ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен, некемізбен өтеміз. Мен домбыраға 5 жыл қатыстым. Домбыра тартқаным YouTube желісінде бар. Мектеп кезінде дін туралы білген жоқпын. Күні кешеге дейін домбыра тарттым. Бірақ домбыра – харам. Жүрекке тиді, кір екенін білінеді”, – дейді видеодағы қыз.

Айтыскер ақын ұлттық аспапқа қатысты айтылған сөздерге бей-жай қарай алмады. 

“Бабаларымыздың қанша ғасыр бойы жинаған құндылықтарын бір сәтте жоққа  бұл шығаратын қандай дін? Түсінбедім. Ақыретке иманымызбен өтеміз. Ұлтымызбен өтпейміз дейді. Мына қыздың басы әбден айналып, қиял әлеміне ұшып кетіпті. Алла не үшін бізді әр түрлі ұлт етіп жаратты? Қазақтан бала туылғанда түрі де, сарқырап аққан қаны да, ата- бабасынан берілген гені де, қазақ деп тұрмайды ма? Бұл ақиқаттан сен бас тарта алмайсың.
Ал, дінге келсек Құранның қай жерінде домбыра харам деп жазыпты? Қандай дәлелмен сөйлеп отыр бұл қыз? Ғалымдардың айтуынша құранда 6236 аят болса, соның 550 аятының сырын ғалымдар ашыпты. Оның бір ғана негізі бар. Сен Құдай алдына барғанда жүректің тазалығын ғана сұрайды. Домбыра есірген адамды жөнге салса, жүрекке тыныштық пен мейірім сыйласа, жүрек тазалығы мен еміне құрал болса, бұның несі харам?”, – деп жазды Айшолпан Тілеутай.

Оның айтуынша, видеодағы қыз еш негізсіз үкім айтып отыр.

“Өздеріңіз білесіздер діни сауатты уағызшылардың арнайы рұқсат қағазы болу маңызды. Бұл қағаз үшін адамдар қанша жыл үздіксіз білім алады ненің ақ, ненің қара екенін таныған сауатты, білімді, адамдар ғана алады. Домбыра ол жәй ғана музыкалық аспап емес,ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Домбыра қазақтың жүрегі!
Діні бар да, ұлты жоқ,
Сақалы бар да, мұрты жоқ.
Теке сақал, қырма мұрт,
Елдің түбіне сол жетер…”, – деп ойын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сөзімен аяқтады ақын.

Айшолпан Тілеутай желіде отырып үкім шығаратын адамдардың жауапқа тартылуын сұрады.

“Мына қыз секілді әркім келіп, не білімі, не өмірде көргені жоқ өзге ағымдағы азғыгдаушы адамдардың сөзін жаттап алып, халыққа өтірікті шындай айтатын адамдарға мемлекеттің құзырлы органдары неге жаза қолданбай отыр. Кейінгі кезде жанымыздың бір бөлшегі, домбырамызға  жан-жақтан шабуылдар көбейді. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы. Қазақтың рухын алу үшін бірінші домбырасын алу керек. Ал біз рухымызды, ұлтымызды, домбырамызды ешкімге бермейміз, таптатпаймыз”, – дейді айтыскер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: