Жұма, 27 желтоқсан, 09:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Домбырам қара шаңырақта қалды»

01.07.2022

647 0

Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінен бері Ұлттық домбыра күні тойланады. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторының жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Н.Ниязов мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандарына отаншылдық тәрбие беріп, ұлттық аспапқа деген құрметпен қарау сезімін ояту мақсатында, ақпараттық сағат өтті.

Шара барысында жасақ бастығығы алдымен, баба мұрасы домбыраның шығу тарихы мен оның әлемге танылуы туралы айтып баяндады.

Археологиялық қазба жұмыстары, тасқа түскен ескерткіштер домбыраның ежелгі түркі дәуірінде пайда болғанын көрсетеді.

Алғаш домбыраның шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады.

Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. – дей келіп, домбыра және күй тарихтары жайында аңыздар айтып берді.

Бұдан соң, С есімді сотталған қолына қазақы домраны алып, Құрманғазының « Балбырауын» күйін тартты. Бұл күйді маған оқушы кезімде мектептегі ән сабағының ағайы үйреткен болатын. Домбыра үйірмесіне қатысып жүргенімді естіп әкем домбыра сатып әкеліп берді. Ән айта алмасам да, аз-маз күй шертемін. Бостандыққа шыққан соң ұлыма домбыра сатып алып беремін.

Әкемнің домбырасы қара шаңырақта қалды- десе, келесі бір жаза мерзімін өтеуші азамат:

Мен мектепте әдебиет сабағын қызығып оқитынмын. Домбыра, күй туралы аңыздар өте көп, – деп Ілияс Жансүгіровтың « Күй» поэмасынан үзінді оқып берді.

Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген. Қоршаулы қорған ішінде әлі де алда жазасының өтелмеген біраз бөлігі бар сотталған азаматтар да, іштегі-мұң шерін, жақындарына, туған жеріне деген сағыныштарын шертпе күйдің шерімен шығарып алды. Өткізілген іс-шарадан соң, олар күнделікті жұмыстарын атқаруға жақсы көңіл-күймен кірісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: