Танымал әнші Садраддинмен дуэт орындап, хит болған әнші Ильхан Ихсанов енді ешкіммен дуэт айтпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы әнші Revue News бағдарламасында қозғады.
«Соңғы рет Садраддинмен дуэт жаздық. Одан кейінгі дуэт әзірге жоспарда жоқ», – деп қысқа қайырды Ильхан Ихсанов.
Бұған дейін жас әнші Ильхан Ихсанов 20-ға жуық ән шығарған. Оның барлығы жастар арасында хитке айналып үлгерді. Ал Садраддинмен бірігіп жазған «Аман болшы сүйгенім» синглі тыңдарманның ыстық ықыласына ие болған.
Әншінің айтуынша, көктемге дейін көп туынды шығармақ. Бірақ біреумен дуэт орындағысы келмейді екен.
«Дуэт мүлде болмайды, релиздер көп болады. Көктемге дейін тыңдарманның ығырын шығарамын», – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!