Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ердос Қанаев Еркін Нұржановтың саусағын сындырды

27.11.2023

757 0

Ердос Қанаев Еркін Нұржановтың саусағын сындырды

Танымал эстрада әншісі, “Жігіттер” тобының мүшесі Ердос Қанаев бала кездегі қызық оқиғаларын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағдарламаның кезекті шығарылымы өнердегі сыныптас әншілерге арналған болатын. 

“11-сынып оқитын кезіміз. Үшінші қабатта математика кабинетінің алдында тұрмыз. 15 минут үзіліс кезінде сыныптастар болып улап-шулап тұрғанбыз. Еркін есікпен ойнап, қыздарды күлдіріп тұр. Ол кездегі есіктерде құлып салатын ілгіш болатын. Соған саусағын тығып тұр екен. Мен оны көрмегенмін. Іштен жүгіріп келемін де, есікті бір тебем. Бір кезде Еркіннің саусағы терісіне ілініп тұр. Ет қызумен саусағының сынғанын білмейді. Оның саусағы мен жердегі қанды көріп, қыздар шыңғырып жатыр. Еркін екеуміз ештеңені түсінбейміз. Үйге қарай ұштық. Біз бір сыныпта оқығасын, ата-аналарымыз да жақсы сыйласып, араласты. Мен Еркіннің әкесінен таяқ жейтін шығармын деп қатты қорықтым. Бірақ ол кісі ұрысқан жоқ. Осындай қызық оқиға көп”, – дейді әнші Ердос Қанаев. 

Еркін Нұржанов та сыныптасы туралы айтып, алғаш тойға алып шыққанын да еске алды. 

“5-сыныпта тойға шықтым. 7-сынып оқып жүргенде Ердосты жаныма алып, екеуміз тойда ән айта бастадық. Таңғы 5-ке дейін той тарқағанша ямахада отыра беретін едім. Ұйықтамай тойда ән айтуға үйреніп алдым. Бір күні Ердос түнгі 2-3те ұйқысы келіп, әжелердің жанына ұйықтап қалыпты. Тағы бір той кезінде жататын жер таппай далада тұрған КамАЗ-дың ішіне ұйықтап қалған. Той бітіп, аппаратураны жинап үйге қайтайық десем, Ердос жоқ. Бүкіл үй мен сарайды қарадық. Таңғы 5-те аяғымыздан тік тұрып іздедік. Бір кезде үйдің алдына КамАЗ келіп тоқтады. Ішінен ірі денелі екі аға шығып:”Мынау кімнің баласы?” дейді, қарасақ Елдос тұр. Сөйтсек, ұйқылы-ояу жататын жер таппай машинаға барып ұйықтаған. Ол кісілер той тарқағасын жолға шығып кеткен. Жарты жолда Ердос оянып, “Мен қайдамын?!” дегенде ана екі кісі шошып кеткен екен”, – деп еске алды Еркін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: