Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ғаділбек Жаңай отандық кондитерлік дүкенмен серіктестігі туралы айтты

02.08.2024

264 0

Фото: Massaget.kz

Танымал әнші Ғаділбек Жаңай кондитерлік дүкенмен серіктестік жұмысы үшін жалақы алады. Ол бұл туралы Massaget.kz.

Өнер иесі отандық кондитерлік дүкенмен серіктестік жұмысы қалай басталғанын айтып берді.

«Бұл отандық өнім «Сүтті қыз» торты арқылы танылған. Маған олардың тарихы қызық болды. «Ниетке құдай береді» деген, бір күні компания иесімен таныстым. Содан 4-5 жыл бұрын екеуміз сөйлесіп отырған кезде «менде «Ханшайым» деген ән бар, оны неге бренд ретінде қолданбасқа. Мүмкін, бірге торт шығарамыз» дедім. Осылай ұсыныс тастадым, айтылған әңгіме сол жерде қалды. Содан былтыр қайта хабарласып, «Ғадеке, бізде жаңа өнім бар» деп суретін жіберді. Түсі де, бәрі келіп тұрды. Содан кейін бірге жұмыс істейтін болып шештік. Мұнда да бір қызық болды. Егер тек ақша табамыз деп жұмыс істесек, онда торттың құрамы қандай екенін, пайдалы ма жоқ па мән берілмей қалады. Бұл торт мерекеге арналған, қуаныш сыйлайды. Осындай кезде оның тақырыбы ашылады. Қазір бір жылдай болып қалды, торттың сатылуында өсім бар. Халықтың да пікірі жақсы. Мен халыққа жақсы тауар бергім келеді. Сондықтан, менің ойымша, бұл жақсы коллаб. Біз «бір жылдай бақылаймыз» деп келіскенбіз, егер жағдай жақсы болып жатса, құжаттарға қол қоямыз. Әзірге келісім құжат бойынша емес, жай ғана бауырлықпен. Арамызда өзіміздің есебіміз бар. Мен олардан айлық аламын. Қазір айлыққа қарап отыратын заман емес, бастысы еңбекке құлшынысты арттырсақ болғаны», – деді әнші. 

Осы тұста әнші халықты еңбектенуге шақырды.

«Мен халыққа еңбекке деген ұмтылысты үндегім келеді. «Еңбек етсең, емерсің» дейді ғой. Еңбек етейікші. Мен бұл әңгімені өзімнің жақындарымнан бастаймын. Туысқандарыма да айтатыным сол. Мен бәрін үкіметке жабатындарға айтарым, Шәкәрім атамыз айтқандай, өмірден өткенше, өзімізбен алысып өтейікші. Ешкіммен шаруасы болмай, өз-өзімен алысқан адамдардың өскенін көрдім. Мен ағайынды осыған шақырамын», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: